Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұмаумен ауырған бойжеткен енді өзгенің көмегінсіз емделе алмайтын күйде

Тұмаумен ауырып, дертке шалдыққан бойжеткен Қарымбай Сымбаттың анасы көпшіліктен көмек сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қарымбай Сымбат

Қарағанды облысы Нұра ауданы Қарақасқа ауылының тұрғыны Қарымбай Сымбатқа көмек керек. Дертке шалдыққан бойжеткен жасанды аппаратпен тыныс алуда. Еріктілер желіде көпшіліктен қолдау сұрап жатыр. 

Бойжеткеннің жағдайы денсаулық сақтау басқармасына да жетті.

"Қызым тұмаумен ауырып, кейін жөтеле бастады. Дәрігерге апарғанда бір аптаға дәрі, екпе жазып берді. Одан еш көмек болған жоқ. Ауруы асқына берді. Ауруханада тағы бір аптаға 14 укол жазып берді. Алайда одан көмек болған жоқ. Кейін бізді Нұр-Сұлтан қаласында ауруханаға 1 жарым айға жатқызды. Қазір қызым аппаратсыз тыныс ала алмайды. Басын көтере алмайды. Ұзақ жүре алмайды. Елордадағы дәрігерлерден қайта ем жасауды сұраймын. Бізге дұрыс ем жазып, емдеп беруін өтінем", - дейді анасы. 

"Өз бақылауымызға аламыз", - деді денсаулық сақтау басқармасы.

"Алла шипасын берсін", "Тез жазылып, ортамызға қайта оралсын", "Сауығуын тілейміз. Көп болып көмектесейік", - дейді желідегілер.

 

 

Талқылау