Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда аспалы жол кабинасы биіктен жолаушыларымен бірге құлап, бір адам қаза тапты (видео)

Түркияның Анталия провинциясының батысында аспалы жол кабинасы биіктен опырылып құлады. Салдарынан бір адам қаза тауып, жеті адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі IHA порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан кадр

Оқиға Коньяалты жағажайынан тауға көтеріліп бара жатқан 605 метрлік аспалы жолда болған. Қазір жұмыс уақытша тоқтатылып, құтқарушылар салондардан басқа жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Биіктегі кабиналарда әлі де адамдар бар.

Оқиға орнына полиция, құтқару топтары және медициналық көмек жіберілді. Дәрігерлер бір адам қаза тауып, тағы жеті адам, оның ішінде екі бала жараланғанын анықтады. Кабинаның өзі қирап қалды.

Фуникулярдың төменгі нүктесіне жақынырақ келген жолаушыларды кабиналардан түсіруге болады. Куәгерлердің бірі аспалы жол бұзылғанға дейін жарылысқа ұқсас дүмпу естілгенін, содан кейін құрылым қатты шайқалғанын хабарлады.

 

Талқылау