“Тұлпар-Тальго” пойызының вагондары жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, ажырап кеткен

Бейсенбі, 13 Қазан , 2016 7:28

Қазақстандық жолаушылардың арасында үлкен сұранысқа ие “Тұлпар-Тальго” пойызының вагондары жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, бір-бірінен ажырап кеткен.

п

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қарағанды облысының Мойынты бекетінен өткен электровозды тұрғындар видеоға түсіріп алыпты.

Бейнежазбадан пойыздың қатты жылдамдықпен вагондары ажыраған күйде келе жатқанын анық көруге болады. Бірақ «Жолаушыларды тасымалдау» акционерлік қоғамының мамандары бұл жерде арнайы сынақ өткізіліп жатқанын айтып, жұртты сабырға шақырды. Ақпараттық агенттіктерге берген сұхбатында «Тұлпар-тальго» компаниясы директорының орынбасары Владимир Киселев сынақтардың әлі екі күнге жалғасатынын айтқан. Сөзінше,  мұндай оқулар жиі әрі өзге пойыз жүрмейтін жерлерде өткізіледі.

“Біз Қарағанды облысының Киік-Мойынты стансасында жаңа жобаны сынақтан өткіздік. Қазір тежегішті сертификаттау сынақтары жасалып жатыр. Вагондар ажырап қалған жоқ”-, дейді «Тұлпар-Тальго» ЖШС өндірістік директорының орынбасары Владимир Кисилев.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодар облысында бүтін бір ауыл ауыр металы бар улы су ішіп келген

Қайызғақтан қалай арылуға болады?

Кәдімгі тіс пастасы безеулерден арылуға көмектеседі

Ерасыл Әубәкіровтың ісінде Аян Мейірбаев неліктен бас күдіктіден жәбірленушіге айналды

Түрмеде жазасын өтеуші телефонмен хабарласып Көкшетау тұрғындарының зәресін алған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар