Ерасыл Әубәкіровтың ісінде Аян Мейірбаев неліктен бас күдіктіден жәбірленушіге айналды

Сәрсенбі, 12 Қазан , 2016 22:48

Не себепті Аян Мейірбаев аяқ астынан бас күдіктіден жәбірленушіге айналып шыға келді. Ерасыл Әубәкіровтың отбасының қорғаушысы осы күнге дейін жұмбақ саналған 3 ақпан күні болған оқиға жайлы айтты.

3da086527edfedafce72b8d09becd11d

Бұл туралы 31 арна хабарлайды

Ерасыл Әубәкіровті видеоға Нұрбек Әжімбаев бопсалау мақсатында түсірген. Олар Аян Мейірбаевпен бірге оқыған. Жас жігіт объектінің бір бөлігін, яғни, 135 млн теңгесін алмақ болған, деп жазады Tengrinews. Ол үшін Әжімбай коттедж жалдап, ол жерге Мейірбаевты шақырған. Оны ішімдікке мас қылып, кейіннен Ерасылды шақырып оқиғаны шиеленістіріп жібереді. Адвокаттың айтуынша, Әжімбай полицияға барып, өзіне күмән келтірмеу үшін видеоны көрсеткен. Адвокат Ерасылдың Мейірбаевты да, Әжімбайды да танымайтынын айтады.

“Сот отырысында Мейірбаевтың ісі қаралмаған. Бәрінен бұрын мені алаңдататыны Мейірбаевтың босатылғаны. Сот неліктен прокуратура мен полицейлердің әрекеті үшін ақталуға тырысады? Бұл мүлде соттың ісі емес. Сотқа келген айыпталушының ісі қарастырылуы керек”, – дейді заңгер Джохар Өтебеков.

Естеріңізге салайық, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтың өлі денесі ақпан айында қала сыртынан табылған еді. Оны қаскөйлер азаптап өлтіріп, қол-аяғын байлап, басына пакет кигізіп қарға көміп тастаған. Көп ұзамай студентті азаптау сәті түсірілген таспа да пайда болды. Онда осыАян Мейірбаевтың марқұмды байлап қойып, ұрып жатқанын анық аңғаруға болады. Кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Ерасыл Әубәкіров елордадағы медициналық университеттің алтыншы курсының студенті еді. Ол 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні оның жоғалғаны жайлы хабарды достары таратты.

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне басты күдіктілер 11-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Мәдениет министрін «төсекке сүйреді» деп айыптаған актриса адвокат жалдап сотқа дайындалып жатыр

Түрмеде жазасын өтеуші телефонмен хабарласып Көкшетау тұрғындарының зәресін алған

Неміс дәрігері Пайғамбар хадисі бойынша шашын алдырған сәбиді тексеріп қатты таң қалған

Құран мен Інжілді біріктірген кітап басылып шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • админ says:

    Ееее жаным казир аузы кисык болсада байдын баласы сойлесин деген заман.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар