Павлодар облысында бүтін бір ауыл ауыр металы бар улы су ішіп келген

Бейсенбі, 13 Қазан , 2016 7:17

Қазір Ақтоғай ауылындағы құдықтан су алуға шектеу қойылып, тіршілік нәрі облыс орталығынан тасымалданып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

83f4e869e4e4c1a9b4ad8e5d6877baa9
Ал бұл сұмдықты анықтаған жергілікті мамандар сынамаларды Шығыс Қазақстандағы арнайы зертханаға жолдапты. Оның қорытындысы шықпай, ауылдағы тіршілік нәрін адам түгілі, малға беруге тыйым салынған.

Ақтоғай ауылының жұрты ауыз судан ешқашан таршылық көрмеген. Әр көшеге су тартылғалы тіптен рахат күн кешіпті. Енді оның құрамында ауыр металдар болуы мүмкін дегенді естіп, жағаларын ұстап отыр.

“Қорықтық ойбай. Алып іше береміз ғой мына әкелген суды. Енді қорықтық, кім біледі, қандай жағдай болады”, – дейді Ақтоғай ауылының тұрғыны Ырысты Машықова.

Үш жарым мыңдай жаны бар Ақтоғай ауылын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған жалғыз ұңғыма осыдан 6 жыл бұрын салынған. 600 метр тереңдіктен су шығаратын қондырғы содан бері үздіксіз жұмыс істепті. Ал бүгінге дейін құдықтан су тасыған ауылдықтардың енді бұл маңға жолауына шектеу қойылған.

Су құрамында ауыр металдар болуы мүмкін дегенді естіген ауылдықтар біраз шошынып қалғандарын айтады. Жұртты сабырға шақырған атқамінерлер қазір  тіршілік нəрін су тасушы көлікпен тегін таратуда. Ал бұған дейін үздіксіз жұмыс істеп тұрған құдық суын əзірге пайдалануға тыйым салынған.

Мектеп пен балабақшалар да орталық жүйеден ажыратылғанымен жұмысы тоқтамады. Оларға да су тасымалданады. Ал ауыз су беру тоқтатыла салысымен ауыл дүкендеріндегі құтылардағы су бағасы да қымбаттаған. Жергілікті басшылардың айтуынша, ақтоғайлықтар құдық суын тағы біразға дейін пайдалана алмайды.

“Соңғы сынамада ауыр металдар кездесті. Сондықтан осындай шешімге келдік. Сусыз отырған ешкім жоқ. Барлығына су кезекпен жеткізілуде. Ыстық желі де жұмыс істейді. Телефон орнатылған”, – дейді Ақтоғай ауданы әкімінің көмекшісі Саяуыш Сәдуақасов.

Облыс орталығында жасалған санитарлық сараптама су құрамында қорғасынның шекті мөлшерден асып кеткенін анықтаған. Бұған көз жеткізу үшін сынамалар енді Шығыс Қазақстандағы арнайы зертханаға жіберіліпті. Ал өндіріс орындары жоқ ауданда ауыр металдың құдыққа қалай түскені жұмбақ.

Жіберіп алмаңыз:

Қайызғақтан қалай арылуға болады?

Кәдімгі тіс пастасы безеулерден арылуға көмектеседі

Ерасыл Әубәкіровтың ісінде Аян Мейірбаев неліктен бас күдіктіден жәбірленушіге айналды

Түрмеде жазасын өтеуші телефонмен хабарласып Көкшетау тұрғындарының зәресін алған

Неміс дәрігері Пайғамбар хадисі бойынша шашын алдырған сәбиді тексеріп қатты таң қалған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар