Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяқ сіңірі тартылып қалған кезде не істеу керек?

Бүгінде ғаламтор беттерінде адам денсаулығына қатысты кеңестер көп. Алайда олардың көбінің еш пайдасы жоқ.

судороги1310

Мұнда біз дәрігерлер мақұлдаған кеңестерді ғана жинадық. Оларды күнделікті өміріңізде қолданып көріңіз. Денсаулығыңыздың жақсара түсері анық.

Тіс тазалағаннан кейін ауызды шаю керек пе? Тіс пастасын әбден шаюдың қажеті жоқ екен. Тісіңізде қалған тіс пастасының тіс кіреукесіне тигізер пайдасы көп.

Дене қызуымен қатар жүрген тұмау, суық тию сынды аурулармен сырқаттанғаннан 3 айдан кейін  организм қорғаныс шараларын жүргізеді: шаш түсе бастайды. Ол белсенді иммундық жасушалардың түктерге түспеуін қадағалауға тырысады. Оған бұл сәтте шаштардың бір бөлігін түсіру маңызды. Шашыңызға ем жүргізудің қажеті жоқ. Арада тағы 3 ай өткеннен кейін шашыңыз өздігінен қалпына келеді.

Цинкке бай тағам (қой еті, тауық және сиырдың өкпе-бауыры, асқабақ дәні, кедр жаңғағы, үрме бұршақ, асбұршақ, сұлы жармасы, жұмыртқа, саңырауқұлақтар мен майшабақ) – ішімдікке тәуелді адамдардың ішімдікке құмарлығын басуға қабілетті. Себебі минерал спирттің ыдырап, мастықтан сақтандыруға жауап беретін ерекше фермент құрамына кіреді.

Қаназдықта бауыр мен ет майсыз болғаны дұрыс. Май темірдің сіңуіне кедергі жасайды. Оған қоса ет тағамдарымен ауқаттанғанда шай, кофеден бас тартыңыз (таниндер темірлерді біріктіреді).

Кальцийге бай тағамдарды (сүт өнімдері, балық, ет, жасыл көкністер, күнжіт, асбұршақ, үрме бұршақ) қызылша,  тазартылмаған дақылдар, саумалдық, бөрікгүлмен бірге тұтынбаған абзал. Бұл өнімдер минералдардың сіңуіне кедергі келтіреді.

Безеулерді кәдімгі ақ түсті тіс пастасымен кетіріп көріңіз. Ағартатын тіс пастасын қолданудың қажеті жоқ. Пастаны ұйқыға жатар алдында безеуге жағыңыз. Таңертең олардың көлемі кішірейгенін байқайсыз.

Көздің жақыннан көрмеуінен зардап шегетін әйелдерге көзілдірік әйнегінің көзді үлкейтіп көрсететіні белігілі. Сондықтан көзді бояған кезде ұнамды пастель түстерін қолданған дұрыс. Сызықтың бәрі жұмсақ болғаны абзал. Ал көзі алыстан нашар көретін әйелдер киетін көзілдірік әйнегі көзді кішірейтіп көрсетеді. Оларға көзді анағұрлым қанық түстермен бояған жөн. Және сүрмеге баса назар аудару қажет.

Циститпен ауырған кезде ұйықтар алдында шөп тұнбаларын қабылдамаңыз. Керісінше жағдайда, түні бойы дәретханаға жүгіруіңізге тура келеді. Ал сізге бұл уақытта жақсы ұйықтау керек.

Аяқ тартылған кезде бақайларыңызды жәймен өзіңізге қарай тартып, артынша аяғыңызды бос ұстаңыз. Тағы да бірнеше рет қайталап, түсер күшті де арттыра түсіңіз. Бұл қимылды аяқ тартылуы басылғанша қайталаңыз. Мұнан кейін бұлшық еттерді бақайдан санға дейінгі бағытта уқалаңыз. Қан айналымын жылдамдату үшін жүре тұруыңызға болады. Немесе аяғыңызды көтеріп жатыңыз.

Пайдалы заттар шай жапырағынан суға өтуі үшін, жапырақтар қаншалықты үлкен болса, соншалық көп уақыт керек. Сондықтан уақытыңыз тығыз болса, қалташадағы шайды қолданыңыз. Ондағы жапырақтар ұсақталған және катехиндер мен басқа да бағалы қосылыстарды жылдамырақ береді.

Талқылау