Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде бағанаға жаншылған көлік жүргізушісі ғажайыптың күшімен аман қалды

Бүгін, 24 қараша күні, Өскемендегі Әкімшілік полиция басқармасына жақын маңдағы Машзауыт ауданында жол-көлік оқиғасы болды.

WhatsApp-Image-2016-11-24-at-11.44.46

Бұл туралы “Егемен Қазақстан” басылымы хабарлайды.

Тәуелсіздік даңғылынан Защита ауданына қарай бұрылған Тойота көлігі трамвай көлігінің рельс торабын кесіп өтпек болғанында бір бүйірден тежегішін басып үлгермеген трамвай келіп соғып, жеңіл көлікті қарсыдағы бағанамен араға кептеп тастады.

unnamed-2-5

“Трамвай жарамсыз болып қалғандықтан оны рельске қойып, Защитадағы трамвай паркіне сүйреп апарамыз”, – дейді парк директоры Анатолий Успенский.

Оқиға салдарынан «№3» трамвай бағыты уақытша тоқтатылды. Куәгерлердің айтуынша, «Тойота» көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген. Алайда оны көлікті кесіп шығарып алуға тура келген.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау облысында әкесі өзінің 7 жасар ұлын тұншықтырып өлтірді

Павлодар облысында босанушы әйел дәрігерлердің кінәсінен қан жоғалтып көз жұмды

Салмағы 350 келі тартатын қостанайлық әйел ауруханада көз жұмды

Ақтөбеде ер адам автобус жолаушыларының көзінше мерт болды

Талқылау