Той иелері Мақпал Жүнісованы тақырға отырғызып кетті

Бейсенбі, 22 Қыркүйек , 2016 16:35

Мақпал Жүнісова той иелерінен әлі күнге дейін қаламақысын ала алмай жүргенін айтты. Әнші тойда келген қонақтармен суретке түсемін деп жүріп өзіне тиесілі ақшаны алуды ұмытып кетіпті.

14156521_1762850720653311_2002912651_n

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/

Бұл туралы “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Мақпал Жүнісованың аңғалдығы бүгінде басына сор болып жабысқан-ды. Қазақтың қуанышына ортақтасып, әнімен шашу шашқан халық әртісін той иелері тақырға отырғызып кеткен.

“Тойға барып өлеңімді айттым. Бірақ қонақтармен суретке түсемін деп жүріп қаламақымды алуды ұмытып кетіппін. Ақшамды алмағаным үйге келген соң бірақ есіме түсті. Қоңырау шалсам, ана кісі телефонды алмайды. Көп рет хабарластым. Ақыры ақшаны бермей кетті”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Бұдан кейін халық әртісі де қарап қалмаған. Алаяқ жайлы ақпарат іздеуге кіріскен. Нәтижесінде алданғанына көз жеткізген. “Әлгі адам туралы сұрастырғанымда, олардың алаяқ екенін білдім. Алты айдан бері әншілерді алдап келген екен. Өстіп адамдарды жынды қылады екен”, – дейді ол. Алаяқтарға алданғандардың қатарында Нұр-Мұқасан дуэті де бар. Олар Лидия Кәденовадан концертке шақырту алып, соңында қаламақысыз қайтқан.


Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Жүнісова салмағы 43 келі болған кездегі суретін көрсетті

Мақпал Жүнісова концертінде сыра ішетінін, өзіне жас жігіттер қарамайтынын айтып қалды

Мақпал Жүнісова бетіне пластикалық ота жасатпақ

Тыңдармандары Мақпал Жүнісованың “қысқа” көйлегін сынады (фото)

Мақпал Жүнісова: Бүгінге дейін ақша жинап көрмеппін, банктегі жеке есепшотымда көк тиын да жоқ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар