Мақпал Жүнісова салмағы 43 келі болған кездегі суретін көрсетті

Бейсенбі, 30 Маусым , 2016 10:07

Әнші Мақпал Жүнісова өзінің жас кезіндегі суретін көрсетіп, желі қолданушыларын қатты таң қалдырды.

13531795_585073188332604_1480695472_n

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тыңдармандары Мақпал Жүнісованың бет терісі мен шашына қызыға қарайды. Әнші сұлулығының құпиясын 20 жылдан бері жасырып, жуырда ғана ашқан болатын. Қытайлық косметологтың көмегіне жүгінеді екен.

Соңғы кезде жұрт әншінің толып кеткенін жиі айтады. Сымбатына ерекше мән беретін әріптестерімен салыстырып та жатады.

Алайда Мақпал Жүнісованың өзі арықтауға асықпайтын сыңайлы. Бұл жолы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің 18 жасындағы суретін көрсетті. Ол уақытта салмағы небәрі 43 кг болған екен.

13385926_530360997150129_787104400_n

Суретті көрген тыңдармандары қатты таң қалып, түрлі пікір білдірді. “Эх, қайран қыз күніміз-ай деп қойсаңызшы”, “Қайран жастық. Қазір бұдан да әдемісіз. Аллам сізге ұзақ ғұмыр берсін”, “Мәссаған үзілейін деп тұрсыз ғой”, “Бұл Мақпал менің есімде. Ап-арық болса да, даусы мен аты жер жарып тұратын” сынды жағымды пікірлер білдірген.

Мұнымен қатар, арасында әлі де арықтауға болатындығын айтып, түрлі кеңестер ұсынғандар да болды.


Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Жүнісова концертінде сыра ішетінін, өзіне жас жігіттер қарамайтынын айтып қалды

Мақпал Жүнісова бетіне пластикалық ота жасатпақ

Тыңдармандары Мақпал Жүнісованың “қысқа” көйлегін сынады (фото)

Мақпал Жүнісова: Бүгінге дейін ақша жинап көрмеппін, банктегі жеке есепшотымда көк тиын да жоқ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар