Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі ұн сатып жүр

Павлодарда концерт бергеннен кейін басы дауға қалған Төреғали Төреәлі ендігі ұн сатып жүр, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші Instagram желісіндегі парақшасында Мөлдір Әуелбековамен бірге түсірген «Сен болмасаң» әнінің бейнебаянында түскен суретін жариялады. Өз суретінің тұсына әнші әзіл аралас жазба қалдырды.

«Арзан бағада бірінші сұрыпты ұн сатылады», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ, ол жазбасында әзілдегенін де ескертті.

 

Ал желі қолданушылары Төреғалиге қарапайымдылығын сақтағаны жарасатынын айтып жатты. «Барынша қарапайым болыңыз. Сонда ғана халыққа жағасыз», «Төрешке бәрі жарасады. Өте дарынды әнші, ақын», «Төреш, не болып кеткенсіз? Әнді қойып, базарға кеткенсіз бе?» – деп жазып жатты желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Белгілі күйші Мұрагер Сауранбаев шаңырақ көтерді (фото, видео)

Мақпал Жүнісова: Есікті аш, мен сені зорлаймын дегенге дейін барды

“Қоңыр” тобының бұрынғы әншісі: Жұрт ойлағандай опық жеп қалған жоқпын

Әнші Мұқасан Шахзадаев төртінші рет әке атанды

Талқылау