“Томиристің” ат үстінде шауып бара жатқан сәті желі қолданушыларын күлдірді (видео)

«Томирис» фильмінде басты рөлді сомдайтын актриса Альмира Тұрсын ат үстінде шауып бара жатқан видеосын жүктеп, желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

"Томиристің" ат үстінде шауып бара жатқан сәті желі қолданушыларын күлдірді

Бейнежазбада Альмира Тұрсын кең далада ұрандатып, аттың үстінде шауып бара жатады. Бір сәтте оператор камераны актрисадан алыстатып, шын мәнінде аттың бір орында тұрғанын көрсетеді. Ал оның шауып бара жатқан даусын шығару үшін бірнеше қыз жерде секіріп тұрады. Мұны көрген желі қолданушылары кадрдың күлкілі шыққанын айтты.

Өз кезегінде актрисаның өзі: «Назар аударыңыздар! Қауіпті трюк! Оны жеке жасауға тырыспаңыздар! Өмір мен денсаулыққа қауіпті трюктерді арнайы адамдар мен үйретілген жануарлар ғана жасай алады», – деп қалжыңдады.

Айта кетейік, тарихи “Томирис” фильмін “Қазақфильм” мен “Сатайфильм” бірлесіп түсіріп жатыр. Кинокартиның режиссері – Ақан Сатаев. Басты рөлді Альмира Тұрсынмен қатар, “Назар” тобының әншісі Салтанат Серкебаева (Томиристің 15 жастағы кезін), Лия Фомина (Томиристің 10 жасар кезін) сомдамақ. Фильмнің бас продюсері – Әлия Назарбаева.

Оқи отырыңыз: 

Тағы бір қазақ қызы Тиматидың шоуына қатысып, келесі кезеңге жолдама алды

Жан Ахмадиев жеке басын қорлаған журналистен ел алдында кешірім сұрауын талап етті (видео)

Сіңлісімен сүйіскен Жәния Джуринская жұрттың жағасын ұстатты

Қайрат Нұртас туған інісімен бірге ағылшынша жаңа ән жазды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар