Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жан Ахмадиев жеке басын қорлаған журналистен ел алдында кешірім сұрауын талап етті (видео)

Заманауи жырау Жан Ахмадиев “Gakku” арнасын сотқа бермек.

Рэпер жеке басының құқығын таптаған журналистен ресми түрде кешірім сұрауын талап етті. Кешірім сұрамаған жағдайда арнаны сотқа беретінін жеткізді.

“Мыналарыңыз ұят енді. “Gakku” арнасындағы Ұят Parade бағдарламасының жүргізушісі Нүржан Еркінұлы жеке басымның құқығын таптап, мені мүгедек деп атады. Арна маманарының кәсіби деңгейін байқап қойдым. Арнаның деңгейі осыншалықты төмен түседі деп ойламаппын. Сондықтан Нұржан Еркінұлының менен кешірім сұрауын талап етемін. Олай етпеген жағдайда, сотқа беруге мәжбүрмін”, – дейді Ахмадиев.

“Айтылған сөз-атылған оқ!!! Сөздеріңізге жауап беруге дайынсыздар ма?”, – деп жазады ол желіде.

“Жан Ахмадиевтің атын айтсам, құсқым келеді. Заман дамыған уақытта пиар үшін қыздарды қамшымен қуып жүр. Шындығында бейнебаянның толық нұсқасын көрсеңіз, Жанның клип түсірмей тұрып, сол жеңілжүрісті қыздарға өзі барып, сөйлесіп жүргенін көруге болады”, – деген еді жүргізуші Нұржан Еркінұлы бағдарлама барысында.

Айта кетейік, бұған дейін рэпер Жан Ахмадиев Алматының Сейфуллин көшесіндегі жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабап, ол әрекетін желіге жариялаған еді. Алайда көпшілік мұның жарнама үшін жасалған іс екенін айтып, рэпердің өзін кінәлаған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Басы дауға қалған Мұхтар Шаханов: Шындықты айтқаным үшін кешірім сұраймын

Қайрат Нұртас туған інісімен бірге ағылшынша жаңа ән жазды

Өзімнің сұлулығыма таңғалам: Қайрат Нұртас әзіл айтып елді күлдірді (видео)

Талқылау