Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас туған інісімен бірге ағылшынша жаңа ән жазды

Қайрат Нұртас енді ағылшын тілінде ән шырқай бастады. Бұл жолы әнші інісімен дуэт болды.

қайрат нұртас

Қайрат пен інісі Заңғар Нұртас “My universe” атты жаңа әнін көрерменге ұсынады. Желі қолданушылары әннің бұрынғыдан ерекше екенін айтып жатыр. Енді бірі шет тіліндегі әндері көңілге қонымсыз екенін айтып дауласты.

“Ағылшынша айта алмайды. Акценті байқалады”, “Неге қазақша айта бермейді?”, “Ақшасы бардың бәрі әнші болатын болды”, дейді тыңдармандарының бір тобы. Екінші бір тобы әншіні ақтап алды.

“Жап жақсы жарасып тұр”, “Ешқандай да кемшілігі жоқ, өздері де сүйкімді”, “Отырып алып сынай бермеңдер, қолдарыңнан келсе, өздерің одан асып түсіңдер”, – дейді олар.

Тағы оқыңыз: 

Қазақстандық қыз Қытайда биден өткен чемпионатта үздік үштіктен көрінді (фото)

Қарақат Әбілдина заманауи би билеймін деп сынға қалды (видео)

Бүйтіп биле: АҚШ азаматы Бейбіт Көшқалиевтің әніне билеп, ақша тауып жүр (видео)

Талқылау