Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүйтіп биле: АҚШ азаматы Бейбіт Көшқалиевтің әніне билеп, ақша тауып жүр (видео)

Бүйтіп биле! Бейбіт Көшқалиевтің “Лаула” атты әнін көпшілік осы атаумен біледі. Алайда жұрт аталған туындының ел арасында ғана емес, мұхиттың арғы жағында да хитке айналғанынан бейхабар.

Бүйтіп биле: АҚШ азаматы Бейбіт Көшқалиевтің әніне билеп, ақша тауып жүр (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Желіде Бейбіттің әніне билеген америкалық азаматтың видеосы жұрттың назарын аударды.

“Танымал әнші Бейбіт Көшқалиевтың “Лаула” әнімен Америкалық биші ақша тауып жүр. АҚШ, Лос-Анджелес қаласындағы Голливуд даңқ аллеясында өнер көрсететін қара нәсілді “көше бишісі” отандасымыздың әнін қойып, би билеп өз өнерімен саяхатшыларды таң қалдыруда. Super bro, әні де өзі де мықты Бейбіт бауырыма тек сәттілік тілеймін!” – деп бөлісті бейнежазба авторы.

Желідегілер бишінің қимылына, ептілігіне қайран қалды.

“Өнерде шекара жоқ деген рас”, “Қорқынышты, бірақ икемділігі, ептілігі мықты екен”, “Керемет” “Резина сияқты”, – деп таңғалды желі қолданушылары.

Тағы оқыңыз: 

Жиіркенішті іс: Аша Матай жезөкшелерді қамшымен сабаған Ахмадиевке қатысты пікір білдірді

Қайрат Нұртас, Айқын, Дастан және Луина квартет болып ән шырқады (видео)

Ұят санамаймын: Аша Матай ашық-шашық бейнебаяндарын түсіндірді (видео)

Алтынай Жорабаева Астана төрінен хан сарайындай зәулім үй алды (видео)

Талқылау