Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұят санамаймын: Аша Матай ашық-шашық бейнебаяндарын түсіндірді (видео)

Аша Матай өнер жолын әншіліктен бастады. Алайда бүгінде ол жеке әнші ретіндегі кәсібін тастап кеткен. Тек жары Арман Қоңырбаевпен дуэт айтады. Тележүргізушілікке түбегейлі бет бұрған ол не себепті кезінде ашық-шашық бейнебаяндарға түскенін түсіндірді.

Аша Матай

Аша Матай “Гәкку FM” радиосының “Если честно” бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Аша “Снова ты” бейнебаянына жартылай жалаңаш азаматтармен бірге түскенін мойындады.

“Бір емес, екі бірдей жігіт жартылай жалаңаш күйде болды. Бірақ ол кезде мұндай нәрселер ұят саналмайтын. Ол кезде жас болдым, бірақ қазір ол клипті көрген кезде оны әдепсіз деп санамаймын”, – дейді Аша.

Ұят деп санамағанымен, Аша ол шаққа қайта оралғысы келмейтінін атап өтті. Оның себебін тележұлдыз былай деп түсіндірді:

“Ол шақты сағынамын деп айта алмаймын. Себебі қазір тұрмыстамын және анамын, жасым да 30-ға жақындап қалды. Қазір ішімді, кіндігімді ашсам, біртүрлі болатын шығар. Иә, қазір де қысқа белдемше киемін, бірақ жалаңаштанбаймын. Ал ол кезде жасым небәрі 16-да болды”, – дейді Аша Матай.

Тағы оқыңыз: 

Алтынай Жорабаева Астана төрінен хан сарайындай зәулім үй алды (видео)

Қайрат Нұртас: Жұлдыздың тәрбиесінің арқасында балаларым қас-қабағымнан қорқады

Сот төрағасына ескерту: Алагөзова сот жүйесі туралы бар шындықты жайып салатынын айтып қорқытты

Нұржан Керменбаев: Той әндері арқылы тезірек елдің батасын аламыз деген ойдамыз

Талқылау