Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас, Айқын, Дастан және Луина квартет болып ән шырқады (видео)

Қайрат Нұртас, Айқын, Дастан Оразбеков және Луинаны бірге елестете аласыз ба? Қиын сияқты, дегенмен жұлдызды төрттік бірігіп ән шырқады. Әрі анша-мұнша емес, қазақ вальсінің королі Шәмшінің “Арыс жағасында” туындысын орындап, желі оқырмандарының назарына ұсынды.

Қайрат Нұртас, Айқын, Дастан және Луина квартет болып ән шырқады (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Заманауи стильде ән салатын Айқын мен Дастан, орыс тілді Луина мен сырлы әндерімен халықтың жүрегінен орын алған Қайратты көрген жұрт таңданыстарын жасыра алмады. Алайда тыңдармандардың басым бөлігіне су жаңа квартет ұнап қалғандай. Оны желідегі пікірлерден байқадық.

“Ең мықты әншілер жиналып қалыпты”, “Сөз жоқ, орындауларыңыз керемет”, “Өте керемет”, – деп тамсанды тыңдармандар.

Өнер әлемінде сын мен мақтаудың қатар жүретіні белгілі. Бұл ретте Қайраттың сүйікті тыңдармандары әншінің өзгелерден дараланып тұрғанын алға тартып, оның әріптестеріне сын тақты.

“Луина мен Дастан мүлдем айтпай-ақ қойсыншы”, “Қайраттың даусы ерекше”, “Қайраттан басқалары айтпасын”, – деп шағымданды оқырмандар.

@luinaofficial @aikyn @dastanello #KN✊🎼🎸

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Тағы оқыңыз: 

Аша Матай «Қалаулымның» екінші маусымы түсірілетінін мәлімдеді

Диана Шарапова “есімімді өзгерттім” деп халықты алдаған

Алтынай Жорабаева Астана төрінен хан сарайындай зәулім үй алды (видео)

Қайрат Нұртас: Жұлдыздың тәрбиесінің арқасында балаларым қас-қабағымнан қорқады

Талқылау