Қайрат Нұртас: Жұлдыздың тәрбиесінің арқасында балаларым қас-қабағымнан қорқады

Қайрат Нұртастың сахнада жүргеніне 10 жылдан асты. Көзі қарақты көрермін әншінің өнер әлеміндегі әр қадамын, сахнадағы іс-қимылын, өзін-өзі ұстау мәдениетімен жақсы таныс. Алайда 10 жыл бойы отбасын ел көзінен жырақта ұстаған Қайраттың қандай отағасы, қандай әке екені халыққа беймәлім, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл сұраққа Жұлдыз Әбдікәрімова “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында жауап берді.

“Қайрат сахнада қандай болса, үйде де сондай. Мейірімді әке. Беталды ашулана бермейді, өте сирек. Өте балажанды”, – дейді ол.

Ал Қайрат Нұртас болса түзде жүргенде ұрпағының тәрбиесіне баса мән берген жұбайына алғысын жеткізді.

“Жұлдызға риза болатыным, мен келген кезде көз қырымен қарасам, балаларым үндемей қалады. Бұрындары әкеміз келгенде тыныш отыратын едік қой, қазір менің балаларым сондай. Жұлдыз солай тәрбие беріп тастаған. Жұлдызға мың да бір рақмет”, – деді ол.

Қайраттың жұбайына алғыс айтуы тегін емес. Бүгінде жұлдызды жұптың балалары біліммен қатар, өнерді де жанына серік еткен. Бұл орайда Жұлдыз ақылды да саналы балалары туралы Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырды.

“Осыдан 1 жыл бұрын осы суретті Қайрат маған түсіріп жіберген еді… Қазір, қарап отырып, уақыттың тез өтіп жатқанын сезгендеймін. “Арман” фильмінің түсірілімі Алматы қаласында өткендіктен, Алла берген ботақандарымды қатты сағынатынмын. Алғашқы рет қастарынан ұзақ уақытқа кеткендіктен болар, балаларым да мені сағынатын. Дегенмен де, ботақандарым мені көзіме жас алмасын деп, “Анашым, уайымдамаңыз! Біз сабағымызды уақытылы оқып, қосымшаларды өткізбей барып жүрміз. Ең бастысы өзіңіз аурып қалмаңыз, жолда абайлап жүріңіз. Біз, Сізді сүйеміз Анашым!”- деп айтқан кезінде жүрегім езіліп, еріксіз көзіңе жас келеді екен. Аллаға сансыз шүкір деймін осындай ақылды балалардың барына”, – деді ол.

Тағы оқыңыз: 

Жұлдыз Әбдікәрімова: Мен әнші болып кеткен жоқпын, болмаймын да

Баян Алагөзова: Маған «Баян, жасыңа сай болмайсың ба, ырбыңдамай» деп жазуды доғарыңыздар

Нұржан Керменбаев: Той әндері арқылы тезірек елдің батасын аламыз деген ойдамыз

Сейфуллин Жолбарыс әнші Бақыт Шадаеваның үйін тартып алған

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар