Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диана Шарапова “есімімді өзгерттім” деп халықты алдаған

Жуырда ғана, Диана Шарапова аты-жөнімді өзгерттім деп, жұрттың таңданысын тудырған еді. Отандық әнші өзін бұдан-былай Динара Шарипова деп атауын өтінген. Шындап келгенде, өнерпаздың мұндай қадамға баруына не түрткі болған?

Диана Шарапова есімімді өзгерттім деп халықты алдаған

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Жеке ребрендингпен құттықтап қойыңдар, енді мен Динара Шариповамын». Отандық әншінің әлеуметтік желіге жариялаған дәл осы жазбасы, жұрт арасында бірден қызу талқыға түсті. Тіпті, өнерпаздың әріптестері де пікір білдіруде тосылып қалмаған еді.

“Негізі ол тыңдармандарын құлағында қалып кеткен ат қой, Диана Шарапова деген негізі. Тыңдармандарға қиын болады деп ойлаймын”, – дейді Серік Гамза-заде.

“Ат өзгерткенімен, Диананың өзі өзгермейді. Сондықтан, меніңше бұл ақпараттық повод. Мүмкін, сенсация жасағысы келген шығар”, – дейді актер Әнуар Нұрпейісов.

Әнуар Нұрпейісов сезгендей, бұл расымен әрдайым көңілді жүретін Диананың, кезекті әзілі болып шықты. Алайда, әншінінің азан шақырып қойған есімін, өмірде «Динара» деп жұрт жиі шатастырады екен.

“Әрине, бұл қалжың болған. Жанкүйерлерімнің осы жаңалыққа бей-жай қарамағаны қуантты. Бірі, өкінішін білдірсе, кейбіреулері «Дианаралар қатарына қосылуыңмен» деген сияқты пікірлер қалдырды”, – дейді Диана Шарапова.

Атымды өзгерттім деп жаңалық жасаған Шарапованың одан өзге сүйінші сұрар жағымды хабарлары жетерлік. Соның бірі – су жаңа дуэт.

“Роза Қуанышқызымен «Мәңгі көктем» аты әнге дуэт жаздық. Туындының таныстырылымы ретінде, ерекше фотоссесия жасағым келеді. Бейнебаян таспалауды да жоспарлап отырмыз”, – дейді Шарапова.

Жақында ғана нәрестелі болған Диана, декреттік демалыс кезінде де тыным көрмеген. Уақытымды барынша тиімді пайдалануға тырысыстым дейді ол.

“Жүкті кезімде жаңа әндер жазған болатынмын. Қазір толық альбомым дайын. Ішіндегі трэктердің барлығы қазақ тілінде. Электронды музыка. Бұл бағытта бұрын-соңды жұмыс істеп көрмеппін. Тыңдарманға ұнайды деген үміттемін”, – дейді Диана Шарапова.

Қысқасы, есімімді ауыстырамын деп жұртты елеңдеткен Диана, жанкүйерлерін шығармашылық жаңалықтарымен әлі де таңқалдыруға ниетті.

Тағы оқыңыз: 

Аша Матай «Қалаулымның» екінші маусымы түсірілетінін мәлімдеді

Ұят санамаймын: Аша Матай ашық-шашық бейнебаяндарын түсіндірді (видео)

Алтынай Жорабаева Астана төрінен хан сарайындай зәулім үй алды (видео)

Мәдина Сәдуақасова Ақтөбедегі лифтіде көз жұмған тележүргізушіні еске алды

Талқылау