Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қыз Қытайда биден өткен чемпионатта үздік үштіктен көрінді (фото)

Он жасар қазақстандық қыз Амира Кабазиева Қытайда спорттық биден өткен ашық чемпионатта үздік үштікке кірді. Сайыс Аньхой провинциясының Хэфей қаласында өткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қазақстандық қыз Қытайда биден өткен чемпионатта үздік үштіктен көрінді

Ашық біріншілікке Қытай би мектептерінің 8 мың тәрбиеленушісі қатысқан. Үміткерлер вальс, квикстеп, фокстрот, сондай-ақ, латынамерикалық самба, ча-ча-ча, румба, пасодаобль, джайв би түрлері бойынша бақ сынасты.

Ашық біріншілікті тікелей эфирде 100 мыңнан аса жан тамашалаған. Отандасымыз Амира Қабазиева “Вальс, танго, джайф пен румба” аталымы бойынша, жеке және жұптасып өнер көрсетуден жүлделі орынға ие болды.

Бұған дейін Амира Бейжің, Гонконг, Нанкинде өткен жарыстарда топ жарған болатын.

Қазақстандық қыз Қытайда биден өткен чемпионатта үздік үштіктен көрінді

Ол үш жылдан бері Қытай Республикасындағы Ресей елшлігінің жанынан құрылған “Русский стиль” би клубында сабақ алып келеді. Оған дейін Амира Қазақстанда Алма Сағадиеваның жетекшілігінде “Көбелек” ансамблінде өнер көрсеткен.

Әкесінің айтуынша, Амира жыл соңына дейін Сингапур, Италия және Ұлыбритания елдерінде өтетін халықаралық чемпионаттарға қатысады.

Қазақстандық қыз Қытайда биден өткен чемпионатта үздік үштіктен көрінді

Оқи отырыңыз:

Қарақат Әбілдина заманауи би билеймін деп сынға қалды (видео)

Бір қайнауың кем болды: Жанар Айжанова Ернар Айдарды “фонограммаға мініп алған” деп айыптады

Ұят санамаймын: Аша Матай ашық-шашық бейнебаяндарын түсіндірді (видео)

Алтынай Жорабаева Астана төрінен хан сарайындай зәулім үй алды (видео)

 

 

Талқылау