Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы бір қазақ қызы Тиматидың шоуына қатысып, келесі кезеңге жолдама алды

Қазақстандық өнерпаздар Ресей шоу-бизнесін бағындыруды жалғастырып жатыр. Отандасымыз Маржан Мәкішева Тимати мен Максим Фадеевтің жобасына қатысып, келесі кезеңге жолдама алды.

маржан макишева

Бұл туралы НТК арнасына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Маржан Мәкішеваның өнері беделді продюсерлердің көңілінен шыққан жоқ. Дегенмен қазақстандық қыз бір ғажаптың арқасында жобаның екінші кезеңіне өтті.

«Мен сізді келесі кезеңге өткізе алмаймын. Сондықтан да «жоқ» деймін», – деді Тимати.

Бұдан кейін қатысушыларды екі топқа бөлген соң, қазақстандық ару жақсы өнер көрсетіп, келесі кезеңге өтті. Бір қызығы, жерлесіміз Black Star немесе Malfа-мен жұмыс істеуді армандамайды.

«Жалпы продюсерсіз жұмыс істегім келеді. Максим Фадеев те, Тимати да – жақсы адам. Қайсысымен жұмыс істесем де қуанышты боламын. Бірақ ешкімге тәуелді болмаған бәрінен күшті”, дейді ол.

Айта кететін жайт, Маржанның өнердегі тарихы сонау 2006 жылы бастау алған. Ол әйгілі SuperStar KZ байқауының үшінші маусымына қатысып, финалға бір табан қалғанда жобадан шығып қалды.

«Жүректің жаралануы да бір тәжірибе. Дәл сол күні бірқызық нәрселер болды. Тегіммен қателесті. Дәл мен шыққанда түсініксіз жайттар орын алды. Әйтпесе үздік ондыққа кіргенмін», – дейді Маржан.

Бұдан кейін Маржан клубтарда ән салған. Көп ұзамай DJ Smash-пен танысып, Мәскеуге аттанған.

«Мен оны клубтан көріп қалдым. Меніңше, ол үшін қазақтардың бәрі бірдей. Ол маған: Жақсы әнші екеніңді айтып, номеріңді беріп едің, жоғалтым алдым”, деді. Сосын өз номерін, e-mail-ын берді. Мен топ құрып жатырмын, Мәскеуге келсең хабарлас, деді», – деп еске алады әнші.

Міне, 5 жылдан бері Маржан Ресей астанасындағы клубтардың бірінде ән салуда. Өзін МС ретінде сынап, шығармалар жазуда. Ал Маржан Ресейдің атақты продюсерлерімен келісім-шартқа отыра ма, жоқ па, ол уақыт еншісінде.

«Мен Қазақстан шоу-бизнесін ешқашан бағындыра алмаймын, себебі форматқа сай келмеймін. Ал Ресей мойындаса – демек бүкіл ТМД мойындады деген сөз. Сол кезде туған жерім менен теріс айнала алмайды», – дейді Маржан Мәкішева.

Тағы оқыңыз: 

Сіңлісімен сүйіскен Жәния Джуринская жұрттың жағасын ұстатты

Қарақат марқұм Заманбек Нұрқаділовтің өзіне көрсеткен құрметін еске алды (видео)

Қарақат Әбілдина заманауи би билеймін деп сынға қалды (видео)

Алтынай Жорабаева Астана төрінен хан сарайындай зәулім үй алды (видео)

Талқылау