Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат марқұм Заманбек Нұрқаділовтің өзіне көрсеткен құрметін еске алды (видео)

Қарақат Әбілдина марқұм болған қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өзіне көрсеткен құрметін еске алды. Айтуынша, небәрі 19 жаста болғанда, Заманбек Нұрқаділов оны той төріне шығарған. Қарақат жадында мәңгі сақталатын естелігімен Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қарақат әбілдина

Әнші Нұрқаділовтің үлкен-кіші демей, өнер майталмандарына қолдау көрсеткенін айтады. Тіпті, тұрмыс құрғаннан кейін өнер жолында қалуына Заманбек Нұрқаділовтің Қыдырәлі Болмановқа айтқан бір ауыз сөзі себеп болған көрінеді.

“Біздің елдің жігіттері, жігіттердің төресі..” Жігіттің төресі деген атаққа лайықты нағыз азаматтың бірі Заманбек ағамыз еді ғой. Әлі ел тани қоймаған балаң кезімнің өзінде жас деп жабырқатпай арқамыздан қағып дем беріп жүретін. Небәрі 19 жастағы студент кезімде “Мерей құлыншаққа арналған үлкен тойдың қонағы болыңыз” деген шақырту алдым. Тойда ел танитын, атағынан ат үркетін қайраткерлер көп-ақ болды, сонда бізді баласынбай төріне шығарған Зәкең мен Мақпал апайымның көрегендігіне тәнті болып едім.

Кейін Қыдыр екеуміз қосылғанда шаңырағымыздың құрметті қонағы болып отырып “Қыдыр сен Қарақатты ошақтың басына байламай жарқыратып саxнаның төріне шығар, Мақпал апасы сияқты xалқына еңбет етсін, өнерде жүрген қыздар тек аялауға лайықты” деп шегелеп айтып еді. Сол бір жылы сөз біздің жадымызда өмір бойы сақталып қалыпты. Басшылық қызметте тұрғанда Зәкеңнің шапағатын көрмеген өнер қайраткерлері кемде кем шығар. Аға деп барған адамның бетін қайтармайтын беттілігі, дана деп барған адамнан ақылын аямайтын тектілігі бір төбе еді. Кейбір ел ағасы деп жүрген кісілердің сәл көтерілсе атын ұмытып қалатын кісілігін көргенде “қайран Заманбек ағам-ай” деп бір күрсініп қоясың. Жатқан жерің жаннат болсын заңғар аға! Ал Мақпал апайымның мен үшін әншілігі бір төбе, адамгершілігі бір төбе. Жақсы көрем жақсы адамдар жасасын!” – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Публикация от @karakat_a

Тағы оқыңыз: 

Түсірілім басталды: Ерке Есмаханның қандай фильм түсіріп жатқаны белгілі болды (видео)

Қарақат Әбілдина заманауи би билеймін деп сынға қалды (видео)

Бір қайнауың кем болды: Жанар Айжанова Ернар Айдарды “фонограммаға мініп алған” деп айыптады

Бүйтіп биле: АҚШ азаматы Бейбіт Көшқалиевтің әніне билеп, ақша тауып жүр (видео)

Талқылау