Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар Төлешовтың Rolls-Royce және Bentley көліктері сатуға шығарылды (фото)

Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен сотталған белгілі бизнесмен Тоқтар Төлешовтың қымбат автокөліктері саудаға шығарылды.

тоха

Бұл туралы gosreestr.kz сайтында жазылған.

Бұған дейін есеп және мүлікті ақшаға айналдыру мәліметтер базасында Төлешовке тиесілі төрт автокөлік тіркелген. Аталған көліктер мемлекеттік және заңды тұлғалардың балансына аударылу үшін қойылған. Егер мемлекеттік орган мен заңды тұлғалар қызығушылық танытпаса олар саудаға шығарылады.

Қазір gosreestr.kz сайтының электронды сауда алаңында төрт көлік көрсетілген: 2005 жылғы Rolls-Royce, 2006 жылғы Bentley, 1992 жылғы Mitsubishi GT және 2006 жылғы жол талғамайтын GMC көлігі.

Bentley-дің бастапқы бағасы – 13 703 000 теңге. Электронды саудаға қатысу үшін тілек білдірушілер 2 055 450 теңге көлеміндегі кепілдік жарнасын төлеуі тиіс.

734366f75b9e38f0136ecd762d1cd33b

Rolls-Royce – 40 150 00 теңге. Кепілдік жарнасы – 6 022 500 теңге.

ca7a1fa685898cc4369907f75ad64b0c

Mitsubishi GT – 1 083 000 теңге. Кепілдік жарнасы – 162 450 теңге.

733c0bc2ceaaf30637757a21c23890a3

GMC – 6 527 000 теңге. Кепілдік жарнасы – 979 050 теңге.

b65211db1c21efd22571b876a62374b0

Сауда бүгін 8 тамызда басталады.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтар ЭКСПО-дағы Оңтүстік Корея павильонынан 20 планшетті ұрлап кетті

Жамбылда өз ауласында өлі табылған депутатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстікте бір ауыл халқы жаппай ауруға шалдығып жатыр

Жанжал: Зейнетақы қорындағы 15 миллиард теңге келмеске кетті

Талқылау