Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған заңға қол қойды

Қасым-Жомар Тоқаев денсаулық сақтау мәселелері бойынша заңдағы медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған түзетулерге қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң медицина қызметкерлерін құқықтық және қаржылық тұрғыдан қорғау жүйесін енгізуге және олардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ жастар арасында құрамында никотині бар заттардың таралуының алдын алу және оған қарсы күресу үшін жүйелі шаралар қабылдауға бағытталған.

Заң арқылы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігі енгізілді. Заң ресми жарияланғаннан кейін 6 ай өткен соң қолданысқа енеді.

Сонымен қатар медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған түзетулер қабылданды. Атап айтқанда:

- Тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдардан балалары үшін басым тәртіппен орын алу, кәсіби қызметіне заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғау, мамандығына құрметпен қарау, медициналық мамандығы бойынша әскери қызметін өткеру немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру құқықтары берілді;

- "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы – мемлекеттік наградасы белгіленді;

- Басы артық есеп немесе ақпарат беруден босату үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бұдан былай медицина қызметкерлері толтыруға міндетті құжаттама тізбесін бекітеді;

- Аса тапшы мамандықты меңгерген медицина қызметкерлері ауылдық жерге кемінде 5 жыл жұмыс істеуге келген жағдайда, оған ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде бірреттік ақшалай төлем беріледі.  

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз президентін I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Талқылау