Террористердің қолынан қаза тапқан әскери қызметкердің отбасына үй берілді

Дүйсенбі, 13 Маусым , 2016 22:04

Ақтөбеде болған оқиға кезінде қаза тапқан Берікжан Қалиевтің әйелі бүгін 13 маусым күні жаңа пәтердің кілтін алды.

photo_187293

Фото: tengrinews.kz

Бұл туралы “Мой город” басылымы хабарлайды.

Енді Нұрсұлу Қалиева өзінің төрт баласымен бірге Зачаганск кентінде жаңа пәтерде тұратын болады. Облыс әкімі Алтай Құлғиновтың айтуынша, отбасыға жуырда 5 млн теңге берілмек.

“Ақтөбеде болған оқыс оқиғадан кейін елбасы қайтыс болған әскери азаматтардың отбасына жәрдем көрсетуге тапсырма берді. Бүгін Қалиевтер отбасы 3 бөлмелі пәтерге қол жеткізді. Балаларын да осы аудандағы мектепке орналастыратын боламыз. Ал кіші қызын – арнайы орталыққа. Әйелдің өзін мектептердің біріне лаборант ретінде жұмысқа тұрғыздық”, – дейді Алтай Құлғинов.

Ал Нұрсұлу Қалиеваның қуанышы қойнына сыймай жүр. Ол дәл осындай көмек көрсетілгені үшін елбасына алғыс айтты.

“Бұрын біз тар бөлмеде азғантай жалақыға өмір сүретінбіз. Дәл қазір мен жұмысқа шықтым, ал балаларым мектепке баратын болды. Осы үшін көп рахмет. Менің жолдасым өте мейірімді жан болатын. Үнемі қолынан келгенінше көмектесетін. Ол біздің балаларымызға жақсы тәрбие берді”, – дейді Нұрсұлу Қалиева.

Естеріңізге сала кетсек, Берік Қалиев маусымның 5-і күні Ақтөбе қаласындағы лаңкестік оқиға барысында қаза тапқан 6655-ші әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын атқарып тұрып қаза тапқан.


Жіберіп алмаңыз:

Қызылордада жағдайы нашар 9 балалы анаға үй берілді

Ақтөбеде лаңкестер атып өлтірген күзетші жазда үйленбекші болған

Геннадий Головкинге Астанадан пәтер сыйға берілді

Қаза тапқан Ақтөбеліктің жесірі төрт баламен жалдамалы бір бөлмеде тұрып жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

12
Комментариев
  • Замира says:

    Хотелось бы поблагодарить бизнесменов, всех кто помогает семьям с героизмом погибших в теракте, спасибо за вашу поддержку

  • Разия says:

    Наш Елбасы всегда помнит, поддерживает и помогает героям нашей страны, и в этот раз никто не остался в стороне. Мы гордимся нашими героями!

  • Жантемир says:

    Артында қалған жұбайы мен балаларына сабыр берсін. Ештеңеден қорықпай кеудесін оққа тосқан ерлеріміздің ерлігі мәңгі жадымызда сақталады

  • Умитжан says:

    Осындай қаһарман ерлеріміз бар кезде еліміздің тыныштығы үшін алаңдамасақ болады деп ойлаймын

  • Альбина says:

    Сіздерге денсаулық тілеймін. Елімі амандық, тыныштық тілеймін

  • Достық says:

    Игі істерді естігенде қуанып қаламын.

  • Айдана says:

    Ерлікпен қаза тапқан азаматтың жанын жаннаттық етсін. Қалған ғұмырын балаларына нәсіп етсін

  • Анонимно says:

    Азаматынын аркасы гой бари. Айели акылды болса берилип жаткан каражатты акылмен жумсап, бала-шагасын жетилдиреди. Куйеинин атына омир бойы дуга етип отуи тиис.

  • Алтын says:

    Куанышы койнына сыймай жур дегени неси , автор куйеуи олип жатрганда куанышы койнына сыймай жур, тилши емессизба, астарлап жеткизуге де боладыго осынша бай тилимизбен

  • Жұмбақ жан says:

    Аллам артында калган балапандарын аман кылсын Айелыне Денсаулык берсын.Калгандар Аман болсын болсын!ал Батырымыздын жаны Жанатта болсын Аумин

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар