Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде лаңкестер атып өлтірген күзетші жазда үйленбекші болған

 Бүгін содырлар қолынан қаза тапқан күзет қызметкері Мерхан Тәжібаевтың алғашқы жұмалық садақасы берілді, деп жазды КТК арнасы.

күзет

«Көрер қызығын қара жер көретін болды. Тыныштық заманда не масқара бұл? Аштықтан болды ма? Неге сыйыспай жүр, не жетпей жүр бұл қазақтың балаларына бірін бірі қырып?»,-дейді марқұмның әпкесі Ақзира Тәжібаева.

Оқиға болған күні 33 жастағы Мерхан әріптесінің орнына жұмысқа шыққан екен. Әкесіне жарты сағаттан соң түстік асқа келемін деп кеткеннен оралмапты. Ол қару сататын дүкенге дабыл қоңырауы түскенде бірінші боп жеткен.

Көліктен түскен бойда содырлар оны басынан атады. Анасынан ерте жетім қалған Мерхан Тәжібаев биыл жазда үйге келін әкелетінін айтып, жақындарын қуантыпты. Қара жамылған отбасы ол арманы орындалмаса да, ел тыныштығы үшін опат болғанына жұбанып отыр.

««Айналайын» деймін де қоямын қазір. Басқа неғыл дейін? Енді бұл бала өзі үшін емес халқы үшін ерлік жасады деп ойлаймын. Ерлік жасады. Бірінші оққа ұшты»,-деп жылады марқұмның әкесі Есенбай Тәжіюаев.

Талқылау