Қаза тапқан Ақтөбеліктің жесірі төрт баламен жалдамалы бір бөлмеде тұрып жатыр

Жұма, 10 Маусым , 2016 9:27

ҚР Ұлттық Гвардиясы 5517 әскери бөлімі өкілінің жесір қалған әйелі Нұрсұлу Қалиева қазіргі отбасылық жағдайлары туралы айтып берді. Орал қаласында тұрып жатқан әйел, үш жасар Гүлдананы, бес жастағы Әділет, тоғыздағы Мейіржан мен 14 жасар Гүлайнаны енді жалғыз өзі қалай тәрбиелеп, асырайтынын білмей отырған жайы бар.

43_wide

Бұл туралы informburo.kz хабарлайды.

“Соңғы рет Берікті балалар наурыз айында көрді. Сосын біз Оралға кетіп, пәтер жалдап тұрдық. Енді мен төрт баламен қалып отырмын. Жалғыз өзіме қиын, әйтсе де жан-жақтан адамдар көмектесіп жатыр. Жуырда ғана жұмысқа орналасқанмын, бірақ жалақысы аз. Қызымды балабақшаға бергім келеді. Күйеуім соңғы рет 1 маусым күні телефон шалып, балалар мерекесімен құттықтаған. Қазір маған балаларға киім мен тамақ тауып берудің өзі мұң болып отыр”, – дейді Нұрсұлу Қалиева.

Тоғыз жастағы Міржан әскери киім кигенді жақсы көреді. Болашақ та өзі де отан қорғап сапқа тұрғысы келеді.

“Мен жақсы оқып, жақсы азамат болғым келеді. Әкем секілді әскери адам боламын”, – дейді Мейіржан.

14 жастағы Гүлайна үшін де әкелері бой түзеп, бағыт алар үлгі.

“Мен әкеммен мақтанамын. Ол нағыз батыр. Ол бізге үнемі көңіл бөліп, назарын аударатын. Ешқашан ұрысқан емес, әркез жақсы кеңестер беріп отыратын”, – деп еске алады қызы.

5517 әскери бөлімі қайтыс болған сержанттың отбасына барлық қажетті көмекті көрсететіндері айтты.

“Біз сержант Қалиевтің отбасының жағдайымен таныстық. Ұлттық гвардия оның әйелі мен балаларына барлық көмекті жасайды”, – деді 5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары Вячеслав Пак.

Берік Қалиевті 8 маусым күні Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылында жерледі. Оны ақтық сапарға бүкіл ауыл жиналып шығарып салды. Әскери қызметкердің туыстарына облыс әкімі Алтай Көлгінов те көңіл айтты.

Келісім-шартпен қызмет етуші әскери қызметкер 5 маусым күні №5566 ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясына терроршылар басып кіріп сойқан салған кезде қаза тапқан еді. Сондай-ақ, атыс кезінде 19 жастағы қатардағы жауынгер оңтүстік қазақстандық Сапар Досбол да көз жұмды.

5 маусым да ҚР ҰҚК барлау бөлімінің қызметкері Даниэль Майлыбаев үшін де өмірінің соңғы күні болды. Ол қару-жарақ сақталған қоймаға жасалған шабуыл кезінде қайтыс болды. Басынан тиген екі оқтан сол жерде жан тапсырған. 7 маусым күні Даниэль Майлыбаевты Талғарда жер қойнына тапсырды. Оның да артында әйелі мен төрт баласы қалды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов әскеридің отбасына 5 миллион теңге ақшалай көмек көрсетуге уәде етті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар