Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкинге Астанадан пәтер сыйға берілді

Даңқты қазақстандық боксшы, орта салмақтағы WBA, IBF IBO және WBC тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкиннің Астанада жанкүйерлерімен кездесуі барысында BI Group компаниясының басшысы Айдын Раxымбаев суперчемпионға елордадағы пәтердің кілтін салтанатты жағдайда тарту етті.

22222

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қазмедиа орталығында өткен кездесуде жанкүйерлер Генаны үлкен қошаметпен қарсы алды. Спортшымен жүздесу ашық форматта өтті. Кез келген жанкүйер өз сауалын еркін жеткізуге мүмкіндік алды. Өз кезегінде боксшы залдан түскен әр сауалға жауап қайыруға тырысты.

121

Ең басты сауалдардың бірі – Гена мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жектің қашан ұйымдастырылатыны болғаны жасырын емес.

“Оны өзім де тағатсыздана күтіп отырмын. Ол жекпе-жектің ұйымдастырылуына бар күшімізді салып жатырмыз. Мен орта салмақта барлық белбеулерді иеленсем деймін”, – деді Г. Головкин.

Айта кетейік, Г. Головкин келесі кездесуін күзде өткізетіндігі белгілі. Алайда оның қарсыласы әлі анықталған жоқ. Сауль Альварес Геннадий Головкинмен кездесуден бас тартқаннан кейін, қазақстандық боксшы WBC титулына ие болған еді.

Бұған дейін Головкиннің Қарағандыда HBO телеарнасымен бірге түсірілім жасағаны туралы жазған едік.

Талқылау