Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда топқа бөлініп төбелескендер ұсталды

Қарағанды облысының Теміртау қаласында жас жігіттер топқа бөлініп төбелесті, араларында пышақ жарақатын алғандар бар.

20160523044658

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Криминалдық полиция қызметкерлері облыстың екі тұрғынын ұстап, уақытша оқшаулағышқа қамады. Төбелеске қатысы барлардың бірқатары полиция бөліміне жеткізілді. Олардың әрқайсысының төбелеске қатыстылық деңгей, кінәлары анықталуда», – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Бастапқы болжам бойынша, жігіттер арасындағы төбелес қызға қатысты басталған. Топтасып төбелесу Теміртаудағы жергілікті университет маңында 17 қыркүйекте болған. Одан 7 адам зардап шегіп, төртеуі пышақ жарақатымен ауруханаға түскен.

Жіберіп алмаңыз: 

Астанада автобус жүргізушілерінің төбелесі жолаушылардың жағасын ұстатты

Айнұр Нұрсейіт ұшақтағы төбелес туралы: Әкем балалы әйелдің қылығына шыдай алмады

Оралдағы Қайрат Нұртастың концертінде қыздар төбелес шығарды (фото, видео)

Бір топ қыздың айтақтауымен екі қазақ қызы аяусыз төбелесті (видео)

Талқылау