Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда ойыншық тапаншамен қаруланған адам дүкен тонады

Дүкенге ойыншық тапаншамен кіріп тонап кеткен екі тұрғынды Қарағанды облыстық полициясы тұтқынға алды. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлады.

12342769

Қылмысты тәртіп сақшылары із кесіп отырып ашқан. Екі тұрғын да ойыншық тапаншамен Теміртаудағы дүкендердің бірінің күзетшісі мен сатушысын қорқытып, 130 мың теңге ақшаны алып кеткенін мойындаған. Оқиға 25 маусым күні болған.

27 және 28 жастағы күдіктілер сол күні ұсталған. Олар Теміртауда тағы 7 іске қатыстары бар екенін де мойындаған. Барлық фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Талқылау