Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртау әкімі жолдың жағдайын білу үшін әдейі автобусқа мініп, жүргізушісінің балағат сөзін тыңдаған

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов жолдардың жағдайын жүргізушілердің қас-қабағына қарап біледі. Дәлірек айтсақ, көлік тізгіндегендерің балағат сөздерін санап, трассаның сапасы жайлы түсініпті, деп хабаралайды КТК арнасының сайты.

1451284704_avtobus

Сурет life72.org сайтынан алынды

“Бір аялдамадан екіншісіне дейін жүргізуші 15 рет боқтады. Оның артына отырып әдейі құлақ түрген едім. Содан жолдың нашар екеніне көзім анық жетті. Кейін сол көшелерді жөндеттік”, – дейді Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов.

Халықтың алдында есеп берген әкім жолдардың жағдайын білу үшін әдейі автобусқа мініп, жүргізушісінің аузын аңдыған көрінеді. Өйтпесе, көшелердің шұрық-тесігін байқамайды екен. Іле-шала сол жолдарды жөндеп, халықтың марапатына бөленгенін де жасырмады. Өзін-өзі жиі мақтаған әкім жұрттың бұдан басқа да мәселелерін шешетін болды. Әсіресе, былтыр күзде жылу орталығынан ақау шығып, содан бері тұрғындардың көбі әлі жылуға жарымай отыр.

Талқылау