Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші Әйкерім Есенәлі: Жаратқан аруларға қаншалықты қисық мінез берсе, соншалықты ақыл мен айла берген

Тележүргізуші Әйкерім Есенәлі әйел затынын жақсы қасиетін айта отырып, көпшілікті жақсылық жасауға, жақсы ойлауға шақырды.

“Жаратқан аруларға қаншалықты қисық мінез берсе, соншалықты ақыл мен парасат, айла берген деп ойлаймын… сондықтан, жүрегінде жақсы сезімі бар адам, жамандықты жоюға асықса жақсы. Әр түрлі ақпараттық “лентада” жақсы еместі оқып та, көріп те жүрміз… бір сәт жақсыға уақыт арнайық. Сізге отбасылық өмірдің қай көріністері бақыт сыйлайды? Мысалы, маған Адияш пен әкесінің тәтті сәттері қуаныш сыйлайды. Ал сізге ше? Жазыңызшы”, – деп жазды.

Тележүргізуші өзіне сын айтқыш желі қоланушыларынан шаршаса керек.

“Жақсы адамның аузынан жақсы сөз шығады”, “Жақсы сөз айтушылардан керемет күш-қуат жинауға болады”, “Ана мен баланың, жардың бақытты сәттерінен асқан бақытты шақ жоқ” дейді желідегі оқырмандары.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау