Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тастанбеков соңғы сәтке дейін күш-қуатының тасып тұрғанын, бір арманы барын айтқан

Құман Тастанбеков жайлы не білесіз? Актер туралы сөз қозғалса бірінші болып “Қыз Жібек” фильмін еске салатындар көп. Әрине, бұл фильм актердің төлқұжаты.  STAN.KZ Құман Тастанбеков өмірінен бірнеше қызықты деректер ұсынады.

Құман Тастанбеков алғаш рет «Қыз Жібек» фильміне түскен. Бұл рөлге барлық актерлердің таласы болғанына ешкім шүбә келтірмесі анық. Студент Тастанбеков мыңдаған бәсекелесін басып озып, тарихта аты алтын әріппен қалған фильмде басты рөлді сомдады.

Құман Тастанбеков оқып жүрген студенттер арасында  ең әдемісі, тартымдысы болыпты. Бірге оқыған әріптестері оның өнерде ғана емес өмірдегі адамгершілігіне де бас иетіндерін жасырмайды.

«Осы Төлегеннің рөлін  мен ойнайтын болып шешім қабылданды. Бекежан, Жібек, мен бәріміз ипподромға баратын болдық. Таңатпай барып аттарымызға қант беріп, өзімізге үйрету жұмыстарын бастадық. Бір айдай осылай жүрдік. Меруерт қаланың қызы болды. Атты тез үйреніп кетті»,-дейді Құман Тастанбеков.

Махаббаттары осы фильмнің түсірілім алаңынан басталған Меруерт Өтекешова мен Құман Тастанбековтың  жеке өмірі мен болашағы да сол жерден басталған.

Олар өмірде бірін-бірі кинодағыдан да артық сүйдік дейді. Қазақтың қыз Жібегінің жүрегін жаулауға тырысқандар да аз болмапты.

«Қыз Жібек» Филімі түсіріліп біткеннен кейін кинода қосылмаған ғашықтар, өмірде үйленген. Тойда  кинодағы Төлегеннің қарсыласы Бекежан  яғни асанәлі Әшімов асаба болыпты.

Құман Тастанбеков Алматы облысы, Сарқант елдімекенінде туған. Әкесі жылқышы. Анасы бала тәрбиесімен отырыпты.

Аты бүтін Қазақстанға тараған Құман Тастанбеков анасының таба нанының дәмін осы күнге дейін  атқан екен. Себебі ол тезек жағып, ауылда өткен өмірін жиі сағынады екен.

Құман Тастанбеков рушылдарды ұнатпаған. Ол тек Қазақпыз деп сөйлейік деген студенттермен кездесулерде.

Актер әнді нағыз әншілерден кем орындамаған. Дауысы ерекше еді. Студент кезде қолына домбыра мен гитараны жиі алып, жастардың отырысын көңілді кешке айналдыра білген.

Актер  театр мен киноны қосқанда 200-ге жуық рөлді сомдаған. Ол елу жылға жуық театр әртісі болып жұмыс істеген. Ол әр бір қойылымға үлкен дайындықпен, қобалжып шығатынын жиі айтатын.

«Адам болып қалу үшін- қарапайым, адал, шынайы, таза жүректі болу керек. Көрерменсіз біз ешкім емеспіз»,-дейтін актер.

Өтекешова мен Тастанбековтың үлкен ұлдары есін біліп қалған кезде дүниеден өткен. Қыздарына Жібек деген есім берді. Бүгінде сол Жібектен 4 немере сүйіп отыр. Жібектен кейін Томирис есімді сүт кенжелері бар.

Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» фильмінің түсірілім алаңында алғаш рет Құман Тастанбековтан гүл алған екен.

«Сол гүлді әлікүнге дейін үйімізде сақтап қойғанбыз. Біз үшін оның орны бөлек. Сезіміміздің алғашқы гүлі деп білеміз»,-дейді актриса Меруерт Өтекешова.

Меруерт Өтекешоваға қалай ғашық болғанын Құман Тастанбеков өмірінің соңына дейін жымия отырып күліп есіне алатын.

«Түсірілім кезінде Меруерт тек жерге қарап отыратын. Басын көтермейтін. Ол жерде неше түрлі жігіттер оны айналшықтап, жүрегін жаулауға тырысып жүретінбіз. Ойпырмай бір қараса екен маған деп қоятынмын. Бір күні түсірілім алаңынан қайтып баражатыр екен.

Жаңбыр деген құйып тұр. Артынан ақырындап жүре бастадым. Тағы да сол бір қараса екен деп қоям. Қарамайды. Содан тым құрыса тайып құласа екен дедім. Құдай тілеуімді қабыл етіп құлап қалды. Жүгіріп барып ойбай Меруерт деп көзіне түсіп, көмектесе кеттім. Бірінші болып өзім ғашық болғаным рас»,-дейтін Құман Тастанбеков.

Актер жетпістен асқан шағында да өзінің күш-жігері тасып тұрғанын айтып әсіресе Ресейлік режиссерлерден ұсыныстар күтіпті. Қазақстандық фильмдерге де түсуден ешқашан бас тартпаған екен.

Құман Тастанбеков — ҚР халық әртісі. Құрманғазы атындағы консерваторияның актер бөлімін тамамдаған. 1968 жылы М.Әуезов атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры құрамына қабылданды. Кинодағы ең алғашқы рөлі — «Қыз Жібектегі» Төлеген.

Одан кейін әр жылдары «Қыс — мазасыз маусым», «Ағам менің», «Ерекше күн», «Аққулар ұшып келеді», «Махаббат жаңғырығы», «Алаң шеті», «Өрнек», «Аққыз» және т. б. фильмдерге түскен. Театрда Ш Айтматовтың «Ана — Жер-анасында» Қасымды, Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен терінде» Тәңірбергенді, М.Әуезовтың «Айман — Шолпанында» Наршаны, О.Бөкейдің «Құлыным меніңінде» Жанды, Э.Эрвенің «Түлкі бикешінде» Флоридорды, Н.Хикметтің «Фархад — Шырын» қойылымында Фархадты ойнап, сахнада сан алуан бейнелер шоғырын қалыптастырды.

Құман Тастанбеков 2017 жылдың 17 желтоқсан күні 72 жасында дүние салды.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртас жұбайы рөл сомдайтын фильмдерді тек өзі түсіретін болады

Өмірім қайта айналып келсе, сол қызға үйленер едім: Тәуекел Мүслім жан сырын айтты (видео)

Жақсылық Үшкемпіров пен Нұрсұлтан Назарбаев күш сынасты (видео)

Алты тіл білетін Әйгерім елбасының шақыруымен Италиядан елге оралады

Құман Тастанбеков өмірде өзін менсінбеген Меруерт Өтекешованың көңілін қалай аулаған

Джордж Клуни өзімен достасқаны үшін достарына миллиондап ақша берген

Жазира: Өмір сүргім келмей, бірнеше рет өз-өзіме қол салмақшы болдым

Талқылау