Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тасмағамбетовтің даусымен ән айтқан танымал пародист желіні шулатты (видео)

Танымал пародист Олжас Сыдықбек Иманғали Тасмағамбетовтің даусымен ән айтып, желідегілерді таңғалдырды.

a831

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Иә, расында да “әу” демейтін қазақ жоқ. Көпшілік Иманғали Нұрғалиұлын білікті саясаткер ретінде ғана емес, әншілік қырынан да таниды. “Дос керек” әнін Тасмағамбетовтің орындауында ұнататындар жетерлік.

Ал белгілі пародист Олжас Сыдықбек Иманғали Нұрғалиұлының даусын айнытпай салады. Саясаткердің даусымен ән айтқан ол желідегі парақшасына видео жүктеді.

Желідегілер пародистің өнеріне тәнті болды. Оның ішінде Халық әртісі Мақпал Жүнісова аталған видеоға алғашқы болып пікір білдірді.

“Иманғали Тасмағанбетов ағамыздың орындауында осы әнді тыңдап едім, керемет орындапты”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, биылғы жылдың ақпан айында Иманғали Нұрғалиұлы Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Медеу Арынбаев: Бізде Димаш сияқты жастар көп, бірақ оларды қолдамайды

Меруерт Түсіпбаева әншілерді аттестациядан өткізіп тұруды ұсынды

Анасы: Димашты “мен таптым” деп мақтануға қазағымнан қорқамын

Димаш Құдайберген елге оралды (фото, видео)

Талқылау