Тасмағамбетов: Сарыөзектегі сарбаз лауазымды әскерилердің салғырттығынан қаза болды

Сейсенбі, 24 Мамыр , 2016 15:36

Бүгін, 2016 жылдың 24 мамырында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Алматы облысындағы  Сарыөзек гарнизонын тексерді.

тас1

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеріс кезінде оқу-жауынгерлік даярлық, әскери бөлімдердің жазғы оқыту кезеңіне әзірлігі мәселелері қаралды. Сондай-ақ мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қаза болу дерегі егжей-тегжейлі талқыланды.

Оқиғаның себептері жоғарыда аталған бөлім лауазымды адамдарының әскери қызмет өткеру барысында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды елемеуі салдарынан болды.

«Әдетте, әскерлерде орын алатын қайғылы оқиғаларда қауіпсіздік шараларының бұзылуы, бақылаудың болмауы және лауазымды адамның немқұрайлығы себепкер болады», – деді сын көзбен көшпелі кеңес кезінде сөз сөйлеген қорғаныс ведомствосының басшысы.

тас2

Кеңесті қорытындылай отырып, Қорғаныс министрі

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғаны өте дұрыс және барлық кінәлі адамдар лайықты жазаларын алуы тиіс», – деп ойын түйіндеді.

Тексеріс аяқталғаннан кейін кадрлық және тәртіптік шешімдер қабылданады.

Естеріңізге сала кетсек, 21 мамыр күні 12740 әскери бөлімінде парк-шаруашылық күні өткізілген болатын. Оның аясында бөлім, ұрыс машиналары паркінің аумағында, бөлімшелердің ішінде жұмыстар ұйымдастырылды. Ғимаратты бөлшектеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде құрылыстың бөлігі опырылып түседі.

Соның салдарынан құрылыс элементтерінің бірі сол маңайда тұрған 12740 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Е. Жақашевтің үстіне құлайды. Нәтижесінде қатты жарақаттан әскери қызметші Сарыөзек кентінің лазаретінде көз жұмады.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    әскердегі өлімдерді көріп отырып балаңды қалай жібересің.

  • Жұмбақ жан says:

    Е.жақашевтің үстіне ғимарат құлаған видеосы

    • Жұмбақ жан says:

      Бұл жағдайды бей жай калдырмаңыздар бұлай болмайды,бұл жағдай тағы кайталанса жағдай өте қиын болады сол үшін әрекет жасаңыздар,әр адам оз жазасын алсын.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар