Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тасмағамбетов пен жазушы Сергей Лукьяненко бірге “Черновик” фильмін көрді

Ресейдегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов «Елшілік кеші» жобасы аясында Мәскеуде әйгілі фантаст-жазушы, Қазақстан тумасы Сергей Лукьяненкомен кездесті.

Тасмағамбетов жазушының ерекші стильді фантастиканы ұнататындар үшін таптырмайтын туындылар жазатынын атап өтті.

«Оның туындыланыда ерекше сюжеттер әр кейіпкер образының көркемділігі, виртуалды әлем мен фантастикалық қиял көріністері үйлескен. Мейірім мен кек, махаббат пен өшпенділіктің байланысы көркем суреттлеген», – дейді Тасмағамбетов.

Кеш барысында «Черновик» фильмі көрсетілді. Ол да Сергей Лукьяненконың роман желісіне құрылған. Фильм мәскеулік компьютерлік ойындар дизайнері Кирилла жайында. Фильм премьерасы Ресейде 25 мамырда болады.

Сергей Лукьяненко Жамбыл облысында дәрігерлер отбасында өмірге келген. Алматы мемлекеттік медициналық институтын психиатр-дәрігер мамандығы бойынша бітірген.

Тағы оқыңыз: 

Бір топ адам қыз зорлады деп күдіктелген 20 жастағы жігітті қолтырауынның аузына тастады

Әлем картасында жаңа мемлекет пайда болды

Сыныптастары шошыды: Бітіру кешіне мектеп түлегін табытпен алып келді

Талқылау