Таразда полицейді атқан күдікті ауруханада қайтыс болды

Жұма, 1 Шілде , 2016 12:47

Таразда полиция қызметкеріне оқ атып, ауыр жаралаған күдікті ауруханада қайтыс болды. Ұстау операциясы кезінде оған да оқ тиген болатын. Алайда, дәрігерлердің айтуынша, 24 жастағы Әлібек Тұраров алған жарақатынан емес, асқазандағы ескі жарасының асқынуынан көз жұмған көрінеді.

полиция

Бұл туралы Informburo.kz порталы хабарлап отыр.

“Аяқ астынан оның жарасының беті ашылып, ішіне қан кеткен. Белгілі болғандай, асқазанында бұрыннан жарасы болған екен. Науқасқа дереу ота жасалғанымен, өмірін сақтап қалу мүмкін болған жоқ”, – дейді Тараз қалалық №1 ауруханасының бас дәрігері Мавлюда Боқаева.

Ал, жараланған полицей Бекжан Тіленшиевтің жағдайы әлі де болса ауыр күйде қалып отыр.

Естеріңізге салайық, оқиға 19 маусым күні Тараздағы шағынаудандардың бірінде орын алған еді. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, дәмханалардың бірінде екі топтың арасында төбелес болып, тапанша атылған. Күдіктіні ұстамақ болған полиция қызметкері оны көпқабатты үйдің ауласына дейін қуып келіп, өзі сол жерде ауыр жараланды. Ал, оқиғаға куә болған екінші полицей күдіктіні атып, қарусыздандырған. Ішкі істер органдары күдіктінің ешқандай діни ағымға қатысының жоқ екенін айтып отыр.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар