Таразда немересін көлік терезесінен лақтырған әйелдің есі дұрыс емес болуы мүмкін

Жұма, 13 Мамыр , 2016 11:54

Жамбыл облысында қызының жаңа туған нәрестесін көлік терезесінен лақтырып жіберген 53 жастағы әйел абақтыға жабылуы мүмкін.

85_main (1)

Бұл туралы Время хабарлайды.

Өзінің айтуынша, олар сол сәтте көлік жалдап кәмілетке толмаған қызын ауруханаға апара жатқан. Алайда, көлік  ішінде қызының толғағы келіп, босанған.

Босанған қыздың анасы жаңа туған сәбиді көлік терезесінен лақтырып жіберген. Сәби басымен жерге құлап, сол жерде шетінеп кеткен.

Осылайша немересін өлтірген әже Бақытгүл Бисенгерееваны түрмеге жаппай, психикалық стационарда күштеп емдеуі мүмкін. Өйткені, ол өз әрекетін ақылға қонымсыз жайттарды айтып түсіндірген.

Ол қызының мақұлықты өмірге әкелгенін, сондықтан оны лақтырып жібергенін айтқан.

Сот төрешісі Азамат Тілепов сараптама нәтижесінде әйелдің есі дұрыс еместігі анықталып және психиатрлар оны растайтын болса, әйелдің мәжбүрлі түрде емделетінін айтты.

Қазір сәбидің анасы ауруханадан шығып, туыстарының қолында тұрып жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар