Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда медресе шәкірті 5-қабаттан секірмек болған студент қызды ажалдан арашалады

Дін жолындағы азамат өзін өлтіруге оқталған бойжеткенді құлағалы тұрған жерінен ұстап қалған. «Биіктен секіріп кетемін» деп қиғылық салған студентті райынан қайтаруға құзырлы орын өкілдері мен оқу орнының басшылығы жұмыла күш салғанымен, түк шықпаған, деп хабарлады КТК арнасы.

Таразда медресе шәкірті бесінші қабаттан секірмек болған студент қызды ажалдан арашалады

Қайта керсінше, адам жақындаған сайын бойжеткен ғимарттың қиыр ұшына жылжып, жағдай ушыға берді. Тек келіссөзге медресе шәкірті кіріскенде ғана өмірден баз кешкен 19 жастағы қыз сабырға келгендей көрінді. Осы сәтті тиімді пайдаланған дін жолындағы азамат оны шап беріп ұстап алған. Медицина колледжінің төртінші курс студентінің мұндай қадамға не үшін барғаны қазір анықталуда. Ел арасында Арайлым Өмірзақ өгей әкесімен ренжіскен немесе жігітімен ұрысып қалған деген болжам айтылуда. Ал оны ажалдан арашалап қалған азаматқа жұрт тік тұрып қошемет көрсетті. Ол медреседе діни сауатын ашып жүрген Мойынқұм ауданының тұрғыны екен.

“Алладан дұға қылдық. Жайлап арғы жағынан көрінбей келіп бас салып ұстадым. Алланың қалауымен ғой”, – дейді медресе шәкірті Ұзақбай Медетбайұлы.

Тағы оқыңыз: 

Неліктен біріне 300 мың, біріне 100 мың: Сапарбаев ардагерлерге берілетін сыйақының мөлшеріне ашуланды

Оралда мектеп мұғалімі концерт қойып жатқан кезде сахнада көз жұмды

Қызылордалық азамат екі бала туып, қатерлі дертке шалдыққан келіншегінің көзіне шөп салған

Қымбат көлік алмақ болған Алматы тұрғыны автосалон қызметкеріне 22 млн теңге беріп алданып қалған

Талқылау