Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қымбат көлік алмақ болған Алматы тұрғыны автосалон қызметкеріне 22 млн теңге беріп алданып қалған

Алматыда ірі автосалоннан көлік аламын деп алданғандар саны күн сайын көбейіп барады. Бүгіннің өзінде ішкі істер департаментіне алаяқтардың құрбаны болған оннан астам тұрғын шағым түсіріпті. Қолды еткен қаржылары да қомақты.

Қымбат көлік алмақ болған Алматы тұрғыны автосалон қызметкеріне 22 млн теңгесін санап беріп, алданып қалған
Ақылбек Мұхамедшенов небір акциялар ұйымдастырған соң белгілі компанияның Алматыдағы бас кеңсесіне әдейі келіп, менеджермен көзбе көз ақылдасуды жөн көріпті. Сол жерде құны отыз миллион теңге тұратын көлікке көзі түскенін айтады. Аты дардай салон болған соң, қызметкердің ұсыныстарына келісіп, 22 млн теңгесін қолына санап берген. Көлік жолда он күн күтуге де көнген. Бірақ, 9 сәуір салонға келсе, не баяғы менеджер, не көлік жоқ. Басшылары алаяқ жұмыскерімізге тап болдың деп шығарып салған, деп хабарлайды Евразия арнасы.

«Сосын олар айтады. біздің қатысымыз қандай. Сіз ол баламен сөйлестіңіз. Сонда мен базарға келіп сөйлестім ба? Үлкен организация, договорда печать тұр. Қалай десем, бізде менеджерлерде бәрінде оригинал печать бар дейді» – деді жәбірленуші Ақылбек Мұхамедшенов.

Енді автосалон ғимаратының табалдырығын тоздырып жүргеніне тура жарты ай болған. Су жаңа көлікті боламын деп тақырға отырдым дейді. Өзі секілді тағы оншақты адам барын айтады. Бұл бір адамның ісі емес екеніне де сенімді. Ал, компания өкілдері бәрін мойындап тұр.

«Біз өз клиенттеріміз алдындағы өз міндетімізді орындап келдік. Орындаймыз да. Қашпаймыз. Егер қолдарында құжаттары болса, біздің заңгерге жолығуларына әбден болады» – дейді автосалон өкілі Дастан Рахимов.

Ал, тәртіп сақшылары ірі автосалонға алданған тұрғындар саны күн сайын артып келеді дейді. Қазірдің өзінде 10-нан асыпты. Алаяқтардың үстінен қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша қылмыстың іс қозғалыпты.

«Қылмыстық кодекстің 189-190 баптары бойынша қазір осы іске қатысты тұлғалар айқындалу үстінде. Олардан сұрақ жауап беттестіру процедуралар жүзеге асуда» – деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бір күнде бірнеше жыл жинаған 22 миллион теңгесінен айырылған Ақылбек енді бұл істі аяқсыз қалдырмаймын деп бекініп отыр.

Тағы оқыңыз: 

Қостанайда ағасы қарындасының басын кесіп алды

Ақтау тұрғындары ерекше табиғат құбылысын көрді (видео)

Ата-аналар бөксесі өте үлкен етіп жасалған қуыршақты көріп шошыды

Талқылау