Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неліктен біріне 300 мың, біріне 100 мың: Сапарбаев ардагерлерге берілетін сыйақының мөлшеріне ашуланды

Бердібек Сапарбаев неліктен кей ардагерге 100 мың, кейбіріне 300 мың берілгенін түсінбей дал, деп хабарлайды Мой город.

Ақтөбе әкімдігінде Жеңіс күніне орай 55 ардагер мен мүгедектерге 300 мың теңгеден сыйақы беретіні айтылған. Бір рет берілетін сыйақы – 120 мың теңге. Емделу үшін – 180 мың теңге. 8 ардагерге 100 мыңнан 120 мыңға дейін берілетін болған. Әкім мұндай шешімді сынға алды.

«Қандай талаптарға сай бір ардагерге 100 мың, екіншісіне 300 мыі беріледі? Бәрі бірдей 300 мыңнан алуы тиіс. Одан бөлек барлық ардагерге әрдайым қамқорлық жасалып, азық-түлік пен басқа да сыйлықтар берілу керек»,  деді әкім.

Облыста Ұлы Отан соғысының 63 ардагері мен 6258 тыл ардагері бар.

«Жеңістің 73 жылдығына орай жеңілдігі бар ардагерлер мен мүгедектер 50 мыңнан 60 мыңға дейін, әскери қызметкерлердің жесір қалған әйелдері 25 мыңнан 15 мыңға дейін, тыл еңбеккерлеріне 12 мыңнан 15 мыңға дейін сыйақы беріледі», – делінген әкімдік хабарламасында.

Тағы да оқыңыз:

Жан Ахмадиев жезөкшемен бетпе-бет кездесті (видео)

Үшінші рет әке атанған Бүркіт қызына ерекше есім берді

“Таңшолпан” бағдарламасының жүргізушілері ұятқа қалды (видео)

Талқылау