Қызылордалық азамат екі бала туып, қатерлі дертке шалдыққан келіншегінің көзіне шөп салған

Қызылордалық азамат екі бала туып, көп ұзамай қатерлі дертке шалдыққан келіншегінің көзіне шөп салған. Міне, 7 жылдан бері Әйгерім Бисембаева тағдыр жолында кездескен қиындықпен бір өзі күресіп келеді. Сондай-ақ, ол жеке баспанасы болмағандықтан, екі бірдей баласын қамқорлығына ала алмай отыр.

Қызылордалық азамат екі бала туып, қатерлі дертке шалдыққан келіншегінің көзіне шөп салған

Бұл туралы 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әйгерім 20 жасында тұрмыс құрып, көп ұзамай екі ұл баланы дүниеге әкелгенін айтады. Жолдасымен ажырасып кетуінің себебін келіншек былай деп түсіндірді:

“Балаларым 11 жаста. Жолдасыммен 7 жыл бірге өмір сүрдік. 2011 жылы науқастанып қалдым. Бас ми ісігі деген диагноз қойды. Сол себепті нейро-хирургия емханасында жаттым, операция жасады. Жолдасыммен ажырасқан себебім – ол моральдық не материалдық көмек берген жоқ. Және де көзіме шөп салды. Ажырасқанда сот балаларды маған емес, күйеуіме берді. Бірақ құқығымнан айырған жоқ. Енді балаларымды алу үшін күш-қуат жинап, жұмыс істеп, қызмет жасап, үй алуым керек”.

Әйгерімнің жеке баспанасы болмағандықтан, сот балаларды әкесіне қалдырған. Алайда бұл жағдай уақытша, дейді келіншек. Егер сәті түсіп, баспаналы болып жатса, сот екі баланы анасына қайтаруға уәде беріпті.

“Өзім Астанада, ал балаларым Қызылордада тұрады.  Екі ай сайын барып тұрамын, киім-кешегін алып беремін. Қазір денсаулығым шүкір. Толық айыққан жоқпын, бірақ шүкір. Мен ауруды ойламаймын, оған берілмеймін”, – деген Әйгерім енді жеке өмірін де реттемек ниетте.

Ол екі баласымен бірге қабылдайтын жар кездессе, қайта тұрмыс құруға қарсы емес. Алайда бір рет аузы күйген келіншектің болашақ күйеуіне қояр талаптары бар:

“Мен өзіме адал болатын, моральдық тұрғыдан көмек көрсететін, мені түсінетін, әрдайым қолдайтын, жүрегінде иманы бар жар іздеймін. Махаббат та болуы керек. Айлығы кемі 200 мың болуы керек.
Астанада олсыз өмір сүре алмайсың қазір. Егер үйің, пәтерің болса, 100 мың, тіпті 70 мыңға өмір сүруге болады. Ал үйің болмаса, 200 мың ақша емес”, – дейді Әйгерім.

Тағы оқыңыз: 

Қымбат көлік алмақ болған Алматы тұрғыны автосалон қызметкеріне 22 млн теңге беріп, алданып қалған

Әйгілі Марадона қазақтың шапанын киді (фото)

Ақтау тұрғындары ерекше табиғат құбылысын көрді (видео)

Қазақстан әнұранын баянның сүйемелдеуімен орындаған Нидерланды елшісі жұртты сүйсінтті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар