Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал тележүргізуші Баян мен Тұрсынғалиді “жыл жұбы” деп атады (видео)

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан құрбысы Баян Есентаева мен оның сүйіктісін қонаққа шақырды. Ол Есентаева мен Алагөзовтен сұхбат алып, оларды “жыл жұбы” деп атады.

баян турсен 180317

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Динара Сәтжан құрбысы мен оның жаңа сүйіктісіне дәмді тағамдар әзірлеп, қонақжайлылық танытты. Ол анасының арнайы Баян мен Тұрсынғали үшін ерекше ас (қазы қосылған вареник) әзірлегенін айтты.

Әңгіме барысында Динара Есентаева мен Алагөзовті “жыл жұбы” деп атады. Ал продюсер құрбысының бұл теңеуіне ештеңе деместен, әңгімені басқа арнаға бұрды.

Есте болса, кеше Есентаева алғашқы ұлттық телевизиялық “Тұмар” жүлдесінің марапаттау рәсіміне Алагөзовпен бірге келіп, қызыл кілемнің үстімен онымен қол ұстасып жүріп өтті.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Қытайдың танымал телеарнасына сұхбат берді (видео)

Қыдырәлі Болманов “Сүгірдің термесіне” қатысты тағылған айыпқа жауап берді

Тоқтар Серіков: Қытайға тек жезөкше қыздар тиеді

Димаш Singer жобасының жалпы есебінде көш бастап тұр

Талқылау