Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал ресейлік әнші Сосо Павлиашвили Астана туралы ән орындады

Танымал ресейлік әнші Сосо Павлиашвили Астана қаласында Астанаға арналған композицияны орындап шықты. “Астанадан Мәскеуге дейін” деп аталатын туындыны қазақстандықтар жарық көрген сәттен бастап жылы қабылдаған.

maxresdefault

Сурет 1080.plus сайтынан алынды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Бұл екі державаның астанасын екі керемет астаналарын махаббат, сұлулық және музыка байланыстырып тұр”, – дейді әнші, компазитор Сосо.

Қазір компазитор Қазақстанда тағы бір жобамен жұмыс істеуде. Айқынмен бірге жуырда ғана “Әрбір күн” атты әнді орындап шыққан еді. Әннің авторы – Сосо Павлиашвили, ал сөзін Арман Дүйсенов жазған. Бейнебаянның ерекшелігі сол, екі әншіде клипке өз жарларын түсірген. Туындыда Айқынның келіншегі Әсел мен Сосоның жары Иринанын байқауға болады. Осылайша Сосоның өтінішімен бейнебаянда отбасы құндылығы насихатталған.

“Сосо – өте керемет жан. Онымен бірге жұмыс істеп шығармашылық ләззат аласың. Қаншалықты талантты әрі атақты болса да соншалықты қарапайым адам”, – деп бағалады Айқын.

Талқылау