Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда екі жігіт аккумуляторларды ұрлаумен айналысқан

Талдықорған қаласы ІІБ-нің полицейлері аккумуляторларды ұрлаумен айналысқан 1984 және 1994 жылдары туылған екі жігітті ұстады.

cms-image-000006436

Облыс ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, ұсталғандар КамАЗ және Hovo сияқты үлкен жүк көтеретін автомошиналардың аккумулятор батареяларын ұрлауға маманданған кәнігі ұрылар болып шықты.

Олардың жеті ұрлыққа қатысы бар деп күдіктелуде. Олар барлығы 14 аккумуляторды қолды еткен, олардың 11-і талдықорғандық техникалық қызмет көрсету стансаларының бірінен табылған.

Техникалық қызмет көрсету стансасының иесі пайдаланылған аккумулятор батареяларын сатып алумен айналысқан. Полицейлер ұрланған аккумуляторларды сатып алғаны үшін оны да жауапкершілікке тартпақ.

Барлық келтірілген шығын 500 мың теңгені құрады.

Қазіргі кезде қала полицейлері күдіктілердің басқа да ұрлықтарға қатысын тексеруді жалғастыруда.

 

Талқылау