Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорған әкімі қала көшелерінің жарықтарындырылуын сынға алды

 “Қала әкімі Бағдат Қарасаев  облыс орталығының ірі  көшелерін аралап жол жиегіндегі шамдардың  істемей тұрғанына көз жеткізген. Қала басшысы рейдтік шара барысында  жол бойын жарықтандыру бойынша  жауапты «Жигули» ЖШС-нің бірақатар кемшіліктерін атап айтты” – деп хабарлайды inform.kz.

ак2

Мысалы, шам қойылған  Жансүгіров көшесінің бойында түнгі уақытта электор жарығы істемей тұрған. Әкім аралаған тағы бірнеше даңғылда тура осындай мәселе. Қала басшысы бұдан бөлек әкімшілік мекемелер мен ірі кеңселердің алдындағы жарықтың жоғын айтты. Бағдат Қарасаев көмекшілеріне жарығы жоқ кеңсе иелері мен басшыларына арнайы хат жолдауды тапсырды.

Әкім рейд барысында көз жеткізген мәселелерге тек «Жигули» ЖШС-гі ғана емес, осы мәселеге бейжай қараған ТКҚ жұмысын да сынға алды. Әкім осы кемшіліктер тез арада түзетілсін депбұйрық берді. Және нәтижесін жақын арада тағы  тексеріп шығатынын айтты.

Талқылау