Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда төрт полиция қызметкері "Қаңтар оқиғасы" кезіндегі азаптау ісі бойынша кінәлі деп танылды

Талдықорған қаласының соты 18 наурызда “Қаңтар оқиғасы" барысында азаптау фактілерін қолданған бұрыңғы полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кантар Назарбаев

Қылмыстық іс Жетісу облысының арнайы прокурорларымен тергеп-тексерілгені айтылады.

“Талдықорған қаласының сотымен 18 наурыз 2024 жылы "қаңтар оқиғасы" барысында азаптау фактілерін қолданған бұрыңғы полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шығарылды (ҚК 146-бабы). Мемлекеттік айыптаушылар 2022 жылғы 5-16 қаңтар аралығында Алматы облысы полиция Департаментінің ғимаратында кінәлі тұлғаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылықпен қатар, тергеудің тыйым салынған әдістерін жасағаны дәлелденді. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жеті жәбірленушіге әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттары келтірілген”, – делінген прокуратура таратқан ақпаратта.



Сот үкімімен үш сотталушы 4 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айырудың әртүрлі мерзімдеріне сотталып, олардың біреуі бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға тартылған.

“Сонымен қатар, сот оларды арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, – деп қосты прокуратура.

Бұған дейін Талдықорған әкімдігі қала көркін бұзғандықтан Назарбаев ескерткішінің тұғырын алып тастағаны белгілі болған.

Талқылау