Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ислам діні деп атауға келмейді": Қазақстандық экс-депутат хиджаб пен тоқал мәселесін сынап, Қаңтар оқиғасын атап өтті

Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Ақбөпе Әбілқасымова әлеуметтік желідегі діни қараңғылық пен ислам төңірегіндегі пікірлерді сынады. Хиджаб пен еліміздегі тоқал мәселесін көтерген экс-шенеунік Қаңтар оқиғасын да атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Абилкасымова

Видеодан скриншот

Әбілқасымова әлеуметтік желілерде күйеулеріне тосынсый ретінде тоқал сыйлаған әйелдердің әрекетін ерсілікке балайды. Бұған дейін қазақстандық әйелдің күйеуіне тоқал сыйлаған видеосы желіде қызу талқыға түскен еді. Одан күйеуі үлкен қорапты ашқанда ішінен әйел шыққанын көріп таңғалғанын көруге болады. Желі қолданушылардың бірі мұны сынап жатса, енді бірі әйелді мақтайды. “Пранк шығар”, “Цирктің қойылымына ұқсайды”, “Егер бұл шын болса, әйелінің үстінен қылмыстық іс қозғалады. Өйткені сыйлықты сатып алады. Адамға сыйлық ретінде қарап тұр” дейді қолданушылар.

“Адамға зат ретінде қараған” деген Әбілқасымова хиджаб киген әйелдерге “ әйелінің азаматына басқа әйел сыйлау туралы Құранның қай бөлімінен оқыдыңыздар” деп сұрақ қояды.

“Басқа әйелден бұрын тірі адамды сыйлап тұрсыздар. Бұған қай шариғатта рұқсат етіліпті?”, – деп таңданады ол.

Әбілқасымова сонымен қоса қорабтан шыққан “тоқал” болуға келісім берген қыздардың әрекетін де сынайды.

“Мұндай қадамға бару үшін адам өзін қаншалықты сыйламауы қажет?! Сіздер өз денелеріңізді мүлдем танымайтын бөтен еркекке сыйлап тұрсыздар ғой. Сонда ата-аналарыңыз тәрбиенің қарапайым ережелерін үйретпеген бе?!”, – деп жалғайды ол.

Осыдан кейін тоқал мәселесіне тоқталған экс-депутат қазақ халқының ешқашан тоқалға сый-құрметпен қарамағанын атап өтті. Ол біреуді бөліп-жарған кезде кейде “мен саған не тоқалдан тудым ба” деп жататынын сөзіне мысал етеді.

Қазақстандықтардың ораза ұстау тәртібі жайлы да ұмыт қалдырмаған Әбілқасымова көп азаматтардың Рамазан айы біте сала ескі әдетінен басатынын айтады.

“Қоғамдық тамақтандыру орындары Рамазан айы аяқталғаннан кейінгі алғашқы күні-ақ ішімдік сатудан бір айлық табыс табады”, – дейді ол.



Бұрынғы шенеунік хиджаб киетін оқушы қыздар жайлы да атап өтеді. Ол хиджаб киген қыздың оқулықтарды өртеген оқиғасы жайлы тоқталып, ол қыздың “хиджаб мені қорғайды” деген сөзіне таңырқаған.

“Мен өмір бойы бізді қайдағы бір шүберек емес, құдай қорғайды деп ойлап келдім. Ал ол қыздың ойынша оны қайдағы бір шүберек қорғайды екен”, – дейді Әбілқасымова.

Екінші бір оқиға жайлы тоқталған ол жақында желіде тараған әлі де болса көптің есінен шыға қоймаған таксиші мен хиджаб киген қыздың арасындағы дауды еске алады. Хиджабтағы қыздың дөрекі сөздерді тоқтаусыз айтқанына таңырқаған ол өзінің 45 жасында мұндай сөздерді меңгермегенін жеткізеді.

“Бірақ ең маңыздысы оның басында орамал бар. Сіздерге бұның барлығы ислам емес жаппай психозға айналып бара жатқандай көрінбей ме”, – дейді экс-депутат.

Әбілқасымова діни қараңғылық мәселесі кішкентай балаларға әсерін тигізер болса, “күлуге шамамыз келмей қалады” деп ескертеді. Ол сөзіне дәлел ретінде балаларына вакцина салдыруға қарсы шыққан ата-аналардың оқиғасын келтіреді. 

Қаңтар оқиғалары жайлы еске салған бұрынғы шенеунік сақал қойған жас жігіттерден сақтануды ұсынады.

“Сақал қойған жас жігіттер теракт жасаса. күлкімізді тыя алмай қалармыз. Немесе мемлекеттік төңкеріс болған Қаңтар кезінде алаңда жүгіріп жүрсе немесе сақал қойған азамат жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жығып, артынан тығылып қалса. Міне, осындай жағдайда ҚМДБ (Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы) мәселеге бірінші араласуы керек еді. Мынадай қараңғылықпен күреспесе болмайды. Себебі мұны ислам деп атауға келмейді”, – дейді Ақбөпе Әбілқасымова.

Бұған дейін “Балаларға ораза ұстау міндет пе?” деген сауалға имам мен аудармашы жауап берген.

@followmebeauties

 

♬ оригинальный звук - AkbopeAbylkassimova
Талқылау