Түркия ақпарат құралдары Су-24 ұшағына жасалған ескертудің аудиожазбасын жариялады (видео)

Бейсенбі, 26 Қараша , 2015 10:41

Haberler.com сайтының хабарлауынша Түркияның ақпарат құралдары ресейлік Су-24 жасалған ескертудің аудиожазбасын жариялаған, – деп хабарлайды Stan.kz.

32c01bce84d6e15d453e8b3472ff9d1f

Жазбада F-16 жойғышының ұшқышы екерту жасағаны көрсетіледі. “Сіздер Түркия әуе кеңістігіне жақындап келе жатсыздар. Бағыттарыңызды дереу оңтүстікке өзгертіңіздер” дейді ұшқыш.

Бұған дейін Түркияның Бас штабы ресейлік бомбалаушының жойылғанға дейін түркиялық тараптан 10 рет ескерту алғанын хабарлаған еді. Су-24 ұшағы Түркия шекарасының әуе кеңістігін бұзуға 15 миль (24,1 шақырым) қалғанда алғашқы ескертуді алған. Басылымның мәліметінше, ескерту әр 2 миль (3,2 шақырым) сайын жасалыпты, дегенмен ұшқыштар оны елемеген.
Еске сала кетейік, Түркияның әуе күштері Сириямен шекаралас аймақта белгісіз әскери ұшақты атып түсірген болатын. Кейін оның ресейлік СУ-24 екені анықталды. Ұшқыштардың бірінің қаза тапқаны белгілі болды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар