Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйіктісімен сүйісіп тұрғанын эфирден көрсеткен Айсәуле тағы да сынға ілікті

Айсәуле Бақытбек тағы да елді шулатты. Ол сүйікті жігітімен сүйісіп тұрған сәтін өзі жүргізетін бағдарламаның эфирінен көрсетіп, елдің сынына ұшырады.

айсауле 290517

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осыдан 1 ай бұрын Айсәуле YouTube желісінен көрсетілетін Hola бағдарламасын жүргізе бастады. Аталған бағдарлама Алматы қаласындағы ең дәмді тағам түрлерін даярлайтын үздік мейрамханалар мен дәмханаларды анықтайды. Сол арқылы көрерменге оңтүстік астанада қайда баруға болатыны жайлы кеңес береді.

Күні кеше желіде бағдарламаның 4-шығарылымы пайда болды. Бұған дейін Айсәулемен бірге дәмханаларды танымал жұлдыздар бағаласа, бұл жолы қонақ ретінде бойжеткеннің сүйікті жігіті шақырылған.

Айсәуле мен Әлішер Алматыдағы ең романтикалық мейрамханаға таңдау жасады. Ғашықтар бағдарламаның сәнін келтіргісі келді ме әлде рейтинг жинағасы келді ме, ол жағы белгісіз, әйтеуір Әлішер мен Айсәуле камераның алдында сүйісіп, елдің сынына ілікті.

Желі оқырмандары Есентаеваның қызын жерден алып, жерге салып жатыр.

“Сіздерге бүкіл ел қарап тұр, камера алдында сүйісуге ұялмайсыздар ма?”, “Махаббатты басқа жолдармен де көрсетуге болады, тіпті бір көзқараспен. Араларында қарым-қатынас, сезім бар екенін бәрі де түсінеді, бірақ бүкіл елге көрсетудің не қажеті бар артық рет сөз естіп?” “Кездесетіндерін бүкіл ел біледі онсыз да, кішкене қарапайым болу керек”, “Екеуі де тәрбиесіз”, “Ұятсыз, ата-әжесі тәрбие бермей ме? Парақшасынан ит пен жігіттен басқа ештеңе көрмедім”, – деп сынады желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Болманов әлемде баламасы жоқ саябақ ашып жатқанын айтып мақтанды (видео)

Алмас Кішкенбаев өзін “масқаралаған” оқушының ата-анасына ескерту жасады

Бағлан Әбдірайымов әйеліне опасыздық жасаған әріптестерін сынады

Қайрат Нұртас өзін Димашпен салыстыратындарға жауап берді

Талқылау