Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Суши мен пицца алдыртқан: Шымкентте дәмханада тамақтанғаннан соң қайтыс болған қызға қатысты жаңа мәліметтер шықты

Шымкентте дәмханада түскі ас ішкеннен кейін қайтыс болған 3 жасар қыз интернет арқылы тапсырыспен алдыртқан суши мен пицца жеген.

Суши мен пицца алдыртқан: Шымкентте дәмханада тамақтанғаннан кейін қайтыс болған қызға қатысты жаңа мәліметтер шықты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитетіндегілер бүлдіршіннің өліміне қатысты жаңа мәліметтер пайда болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Мамандар 3 жасар бүлдіршін қайтыс боларының алдында тамақтанған дәмханада тексеріс жүргізді. Сонымен қатар бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін, пиде салмасының, сүтті-бананды кокттейлдің және құбырдағы судың үлгісін алды. Дәл осы тағамдарды анасы мен қызы жегеннен кейін, тоқтаусыз құсқан екен.

Белгілі болғандай, зардап шеккендер интернет арқылы суши мен пиццаға тапсырыс беріп, үйіне алдыртқан.

Әзірге бүлдіршіннің өліміне нақты не себеп болғаны туралы мәлімет жоқ.

Ал анасы мен қызы тамақтанған дәмхана әлі де жұмысын жалғастыруда. Алайда барлық жұмысшысы тексеруден өткізілген.

Балалар инфекционист дәрігері мен анестезиоло-реаниматологтардан құралған арнайы комиссия қалалық инфекциялық ауруханаға қатысты тексеру жұмыстарын бастады.

Бұған дейін қыз баланың анасы жағдайды өзі баяндап, дәрігерлердің қызметіне көңілі толмайтынын айтқан еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау